12 марта 2020 | 12:42

Коронавирусқа байланысты қандай мекемелерге баруға тыйым салынады?

Даурен Ерболат Журналист
Фото: reuters

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режим енгізілетін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирустың алдын алу мақсатында қоғамдық орындарда күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режим енгізілетін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, коронавирусқа байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нақты тапсырма берген.

Реклама
Реклама

"Бүгін комиссия шешім қабылдады. Алдымен 13 наурыздан бастап, көпшілік іс-шаралар оның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер өткізуге тыйым салынады, - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, премьер-министрдің орынбасары қоғамдық орындарда тәртіп күшейетінін жеткізді.

"Денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде және қоғамдық көпшілік орындарында, халықтық қамтасыз ету орталықтары, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, сауда, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар, әуежайлар, үйлерде күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режимді орнатылады", - деді Тоғжанов.

Сондай-ақ, ол кейбір орындарға баруға тыйым салынатынын жеткізді.

"Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық әлеуметтік объектілерге, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салынады және мұнда күшейтілген санитарлық дезинфекциялық режим енгізіледі", - деп түйіндеді сөзін премьер-министрдің орынбасары.

Осыған дейін коронавирустың алдын алу мақсатында Қазақстан мектептерінде 16 наурыз - 5 сәуір аралығында каникул болатыны хабарланған.

Кеше, 11 наурызда, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған. 114 елде 126 мыңнан астам адам вирус жұқтырды. Қаза болғандардың саны 4,6 мыңнан асты. Сонымен қатар, 68 мыңнан астам науқас аурудан толық емделді.

Коронавирус: вице-премьер елімізде қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтты

"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс", - деп жазды Тоқаев Twitter желісіндегі парақшасында.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная