Коронавирусты дүкенге барған кезде жұқтыру қаупі қандай?

© Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус кезінде дүкенге барғанда COVID-19 жұқтыру қаупі қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус кезінде дүкенге барғанда COVID-19 жұқтыру қаупі қандай екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Коронавирустың тарау механизмі белгілі: ауа-тамшы жолы арқылы. Иә, расында, егер біз бұған дейін айтқан: маска тағу, қолды жиі жуу секілді шараларды сақтамаған кезде коронавирус жұқтырып алу қаупі жоғары. Әсіресе науқаспен байланыста болған кезде. Қоғамдық жерде екі метр арақашықтықты сақтап, маска тағып, қолды дезинфекциялау керек", - деді Людмила Бюрабекова ДСМ Facebook желісіндегі парақшасындағы тікелей эфир барысында. 

Денсаулық сақтау вице-министрі кез келген жерден жұқтыру қаупі барын айтты. Яғни, ол вирус ошағы болсын, дүкен болсын - маңызды емес, бастысы - сақтық шараларын сақтау. 

Реклама
Реклама

Еске салайық, Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандардың саны 6 751-ге жетті. Оның ішінде 3 515 адам аурудан айығып шықты. Қазақстан бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың жалпы саны - 35.

Tengrinews
Вопрос от автора
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама