13 октября 2020 | 13:11

Коронавирусты қайта жұқтыру. Цой не дейді, ДДҰ не дейді?

© Reuters

Коронавиурс адамға қайту жұғуы мүмкін. Бүгінде мұндай жағдайлар тіркеліп жатыр. Ал таяуда коронавирусты екінші рет жұқтырған адам қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19-ды екінші рет жұқтыруға қатысты БҰҰ мен Алексей Цойдың мәлімдемесіне шолу жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавиурс адамға қайту жұғуы мүмкін. Бүгінде мұндай жағдайлар тіркеліп жатыр. Ал таяуда коронавирусты екінші рет жұқтырған адам қайтыс болды. Tengrinews.kz тілшісі COVID-19-ды екінші рет жұқтыруға қатысты БҰҰ мен Алексей Цойдың мәлімдемесіне шолу жасады.

Вирусты қайта жұқтырғаннан алғашқы адам өлімі тіркелді

Реклама
Реклама

Bnonews мәліметінше, коронавирусты қайта жұқтырғаннан кейін дүние жүзінде алғашқы адам өлімі тіркелді.

Зерттеушілер дүйсенбіде Нидерландта егде жастағы әйел екінші рет COVID-19 жұқтырғаннан кейін қайтыс болғанын мәлімдеді. Бұл коронавирусты қайта жұқтырудан болған алғашқы өлім.


Фото: Reuters

Қайтыс болған науқас - 89 жастағы әйел. Ол қатерлі ісік ауруынан емделіп жатқан. Шілдеде ол ауруханаға жеткізіліп, коронавирус сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Ол инфекция белгілері жоғалғаннан кейін бес күннен соң шығарылған.

Екі айдан кейін, жаңа химиялық терапия курсын бастағаннан екі күн өткен соң, оның дене қызуы көтеріліп, жөтеліп, ентіге бастаған. Ауруханаға түскен кезде оның оттегімен қанықтылығы 90 пайыз, тыныс алу жылдамдығы минутына 40 тыныс болған. Кейін коронавирусқа сынамасы тағы да оң нәтиже көрсеткен.

"Сегізінші күні науқастың жағдайы нашарлады. Ол екі аптадан кейін қайтыс болды", - дейді зерттеушілер.

ДСҰ не дейді?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың қайта жұғуын зерттеу үшін арнайы топ құрған.

ДДҰ жедел аурулар бөлімі техникалық тобының жетекшісі Мария Ван Керкховенің айтуынша, ұйымда адамның иммунитетін дамыту туралы мәліметтер бар, бірақ оның қанша уақытқа созылатыны әлі белгісіз.

"Біз көптеген елде коронавирусты қайта жұқтырғандар бар екенін білеміз. Бізде қайта жұқтыру бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Себебі бізде көптеген сұрақ бар. Қазіргі уақытта әр түрлі елден көптеген есеп келіп жатыр. Бірақ бізде халықтың вирусты қайта жұқтыруы қанша пайыздық қатынаста екені туралы есеп жоқ", - деді ол.


Фото: Reuters

ДДҰ жауап тапқысы келетін тағы бір сұрақ - бұл вирусты қайта жұқтыру қаншалықты ауыр болатыны. Қазір ұйым осы мәселесіні қарастырып жатыр.

Цой не дейді?

Қазанның басында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Нұр-Сұлтандағы арнайы брифингте Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтырғандар бар-жоғын айтты.

Баспасөз мәслихатында журналистер коронавирус жұқтырған адамдарда шынымен мықты иммунитет жоқ па және оның ағзада ең көп дегенде алты ай тұрмағаны туралы сұрады.

"Қазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру жағдайлары тіркеліп, зертханалық зерттеулер оны растады ма?" - деп сұрады журналистер.

Цой қазіргі уақытта мұндай жағдайлар анықталған жоқ деп жауап берді.

"Қазақстанда біз мұндай жағдайларды әлі тіркеген жоқпыз. Басқа елдерде қайта жұқтыру (коронавирусты - авт. еск.) жағдайлары болғанын білеміз. Аурудан жазылған науқастарда қалдық эффект - қанда вирустың қалдықтары болады. Сол кезде ПТР-тест қателесіп, оң нәтиже көрсетуі мүмкін. мұндай жағдайлар болды. Бірақ Қазақстанда вирусты қайта жұқтыру жағдайларын кездестірген жоқпыз", - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Коронавирус кімдерге қайта жұғуы мүмкін?

Коронавирус қандай жағдайда және кімдерге қайта жұғуы мүмкін? Антиденелердің деңгейі бір ай ішінде айтарлықтай төмендеген науқастар инфекцияны қайта жұқтыру қаупіне ұшырайды. Бұл науқаста вирустың симптомдары аз болған немесе ол мүлдем болмаған жағдайға байланысты.  

Бұл туралы Чунцин медициналық университетінің қытайлық ғалымдарының зерттеу нәтижелерінен кейін белгілі болды. Зерттеу есепбі Nature Medicine журналында жарияланған.


Фото:elements.envato.com

Бүгінде көбіне балалар симптомсыз немесе аз симптоммен ауыратыны белгілі. Алайда, медициналық қоғамдастықтың пікірінше, симптомдардың білінуі әр адамның жеке генетикалық құрамына байланысты.

"Біреудің иммунитеті күшті, біреудіікі әлсіз. Сондай-ақ, бұл инфекцияның массивтілігіне де байланысты. Мысалы, біреуге вирус өте аз мөлшерде жұғуы мүмкін. Генетикалық бейімділік те әсер етуі мүмкін - гендік құрылымның өзгеруіне байланысты кейбір адам вирустардан қорғалуы ықтимал", - деді профессор-вирусолог Александр Бутенко "Газета.Ru" сайтына.

Вирус екінші рет рет жұққанда симптомдары қатты білінуі мүмкін

Америкалық Невада штатының 25 жастағы тұрғыны коронавирус анықталғаннан кейін бір жарым айдан соң қайтадан жұқтырды.

13 қазанда The Lancet Infectious Diseases медициналық ғылыми журналында жарияланған зерттеу нәтижелерінде мәлім болғандай, вирусты екінші рет жұқтырғаннан кейін, ер адам ауруханаға түскен, оны емдеу үшін жасанды тыныс алдыру аппараты қолданылған.


© Reuters 

Ғалымдардың мәліметінше, науқас жаңа SARS-CoV-2 вирусының екі түрін жұқтырған. Сонымен қатар, зерттеушілер коронавирусты екінші рет жұқтырудың төрт жағдайын тіркеді - Бельгияда, Нидерландта, Гонконгта және Эквадорда.

Зерттеу жетекшісі, Невада университетінің докторы Марк Пандоридің айтуынша, коронавирусты алғаш жұқтырғаннан кейін иммунитеттің қанша уақытқа сақталып тұратыны әлі белгісіз. Бірақ вирусты қайта жұқтыру қаупі бар екені расталғанын айтады.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная