29 января 2021 17:28

Коронавирустың кез келген штамына қарсы тиімді - ДСМ вакцина туралы

Фото:elements.envato.com

Коронавирустың қандай штаммы болса да, қазір әзірленіп жатқан вакциналар оларға қарсы тиімді болады. Бұл туралы ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылыми кеңесші Әлім Акимбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Коронавирустың қандай штаммы болса да, қазір әзірленіп жатқан вакциналар оларға қарсы тиімді болады. Бұл туралы ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылыми кеңесші Әлім Акимбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Вакцина кейінгі уақытта шыққан штамдарға қарсы да тиімді болады. Бұл жерде бір нәрсені түсіну керек: қандай мутация болса да, ол бірінші кезекте - коронавирус. Қазір әзірленіп жатқан вакциналар коронавирустың кез келген түріне қарсы иммунитет пайда болуы үшін салынады. Маған қазақстандық вацинаның ұнайтыны: оның антиген спектрі кеңдеу. Сондықтан, ол коронавирустың түрлі штаммына қарсы тиімді болады", - деді ол ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Әлім Акимбаев таяуда коронавирус жұқтырып, аурудан айығып, антидене қалыптасқан адамдарға вакцина салдыру-салдырмау мәселесін анықтап берді. 

"Антидене бар болса, вакцина салдырудың керегі жоқ. Бірақ белгілі бір уақыт өткеннен кейін екпе ектіру қажет болуы мүмкін", - деді ол. 

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпанда басталады. Алдымен осал топтағы адамдарға екпе егіледі. 

1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызмет медицина қызметкерлері вакцина ала алады. 1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-ның педагогтері, медициналық қызмет қызметкерлері. 1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтері, студенттер және созылмалы ауруы бар адамдар егу салдырады.
Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram