01 марта 2018 | 14:30

Қостанайда ІІМ академиясының қызметкері тауып алған жарты миллион теңгені иесіне қайтарды

© ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының баспасөз қызметі

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкері полиция майоры Ерболат Қайнар мен магистратураның бірінші курс магистранты полиция капитаны Нұрдәулет Мырзазияев көшеде бөгде адамның қалта әмиянын тауып алып, оны иесіне қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қызметкері полиция майоры Ерболат Қайнар мен магистратураның бірінші курс магистранты полиция капитаны Нұрдәулет Мырзазияев көшеде бөгде адамның қалта әмиянын тауып алып, оны иесіне қайтарып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Күні кеше болған оқиға жайлы сол әмиянды тауып бергендердің бірі Нұрдәулет Мырзазияев айтып берді. Оның сөзінше, бастапқыда әмиянды көрген соң оны көтеруден қорқыпты. 

Реклама
Реклама

"Мен туысқан інім Нұрдәулетпен үйдің жанында жерде жатқан әмиянды тауып алдық. Басында жерден алуға қымсынып, қорыққанымыз  шындық. Өйткені қазіргі заманда аяқтан шалатын адамдар саны көбейіп кетті ғой. Бәрінің көзіне топырақ шашудан аулақпын. Сондай істің құрбаны болмайық деген оймен кідіріс жасадық. Дегенмен, Нұрдәулет жерде жатқан әмиянды көтеріп алып, ішінде құжаты бар ма деп қарады. Ашсақ, әмиянның ішінде 500 мыңнан астам теңге бар екен. Және де әмиян иесінің төлқұжаты, басқа да құнды құжаттар бар", - дейді ол.


© ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының баспасөз қызметі

Осыдан кейін екеуі әмиян иесін іздестіріп, қайтарып беруді жөн санап, ғаламтор, таныс-тамырларға қоңырау шалып, 2-3 сағаттай іздестіру шараларын жасап, әйтеуір тауыпты.

"Телефон арқылы сөйлескенде, әмиянды жоғалтып алған адам, қайда түсіріп алғанын есіне түсіре алмай, қатты қиналды. Сосын біз әмиянды тауып алғанымызды айтып, жақсы хабарды естірттік. Сосын әмиянын алуға келетін жерді белгіледік. Біршама уақыттан соң күткен қонағымыз келіп, әмиянын қарап, ішін тексеріп, бір тиыны да жұмсалмағанына және де құжаттарының орнында болғанына ризашылығын білдіріп, етене таныса кеттік. Міне, осылай кішкене ғана жақсылық жасаймыз деп, Нұржан (әмиянның иесі, ол аты жөнін толық жазбауды өтінді) бауырымыздан үлкен алғыс алдық", - дейді ол.


© ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының баспасөз қызметі

"Егер сұғанақ саусағымызды сұғып, пендешілікке салынып, әмиян ішіндегі қаражатты жұмсайтын болсақ, басымыздағы қаржыға тірелген мәселені шешіп тастар едік. Біздің бар ойымыз, үйдегі кішкене балаларымыздың тағдырын, мектеп, Академия қабырғасындағы ұстаздарымыздың санамызға сіңірген тәрбиесін ойлап, арам қадамға баруға адами қасиетіміз жібермеді", - дейді Ерболаттың сөзін жалғай жөнелген інісі Нұрдәулет Тайжанұлы.

Әмиян иесі Нұржан есімді жігіт Академия қызметкерлері Ерболат пен Нұрдәулетке алғысын айтып отыр.

"Мен Академия қызметкерлері Ерболат пен Нұрдәулет бауырыма шексіз алғысымды білдіргім келеді. Осындай азаматтарды өмірге әкелген ата-анасына, өмірде азамат болып қалыптасуына себепші болған академия ұстаздарына ризамын. Егер де қомақты соманы жұмсап, маған қайтармағанда не болар еді. Қазақта "қуған жетпейді, бұйырған кетпейді" деген жақсы сөз бар ғой. Бұл қаражаттың маған қайта бұйырып, иман жүзді адамдардың қолына түскені, үйдегі бала-шағамның несібесі, өзімнің адал еңбегіммен тапқан наным деп ойлаймын. Бұл жігіттер Полицияға тән ерлік жасап, қоғамдағы полицияның беделін арттыруға үлес қосты деп ойлаймын. Егер көшедегі араққа сылқия тойған алқашқа бұйырса не болар еді", - деп жымиды Нұржан.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная