Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 июля 2019 16:07

Қостанайдағы қазақ мектебі төңірегіндегі даудың мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін мектепке қатысты мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуді тапсырды. Tengrinews.kz тілшісі "жабылғалы жатыр" деген қазақ тілінде білім беретін бастауыш мектепке қатысты шыққан даудың мән-жайын анықтады.


Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанайдағы қазақ тілінде білім беретін мектепке қатысты мәселені жаңа оқу жылына дейін шешуді тапсырды. Tengrinews.kz тілшісі "жабылғалы жатыр" деген қазақ тілінде білім беретін бастауыш мектепке қатысты шыққан даудың мән-жайын анықтады.

Қалалық білім бөлімінің маманы Бағила Ибрагимованың айтуынша, қалада екі ғана бастауыш мектеп бар, оның бірі қазақ тілінде білім беретін мекеме.

"Қостанай қаласында қазақ тілінде оқытатын жалғыз мектеп жабылады" деген сөз шындыққа жанаспайды. Қостанай қаласында барлығы екі-ақ бастауыш мектеп бар, бірі қазақ, екіншісі орыс тілінде білім береді. Яғни №5 А орыс тілінде беретін бастауыш мектеп пен қазақ тілінде білім беретін №24 А бастауыш мектебі бар", - деді ол.

Маманның айтуынша, №24 бастауыш мектептің ғимараты өте тар. Сондықтан бастауыш мектепті үш жақын маңда орналасқан колледждің ғимаратына көшіру идеясы айтылған.

"Себебі қазіргі уақытта бастауыш мектепте 585 бала оқиды, ал негізі ол мектеп 1938 жылы салынған 200 орындық ғимарат. Оның үстіне бұл мектептің ғимараты бастапқыда балабақша ретінде ашылған", - деп түсіндірді Бағила Ибрагимова.

Айтуынша, осы идеяны ата-аналар дұрыс түсінбей, қазақ тілінде білім беретін жалғыз бастауыш мектеп жабылады деп ойлап қалған. Ақпарат тарала келе мектептің бастауыш екені түсіп қалып, елде "Қостанайда жалғыз мектеп бар, оның өзі жабылғалы жатыр" деген қате түсінік қалыптасқан. 

"Осылайша идея ата-аналар тарапынан қолдау таппағандықтан, бастауыш мектептің орнын ауыстырмаймыз деген шешімге келдік. Алайда 200 орынға арналған мектепте оқитын бала саны көп болғандықтан, жүктеме мәселесін шешу мақсатында Победа-Бородина көшелерінің қиылысындағы 960 орындық колледждің ғимаратында мемлекеттік тілде білім беретін орта мектеп ашуды көздеп отырмыз", - деді Ибрагимова.

Айта кетейік, Қостанайда 30 жалпы орта мектеп бар - қазақ тілінде білім беретін 6 мектеп және аралас тілдегі 10 жалпы орта мектебі, сонымен қатар, 17 орыс тіліндегі орта мектеп бар.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети