04 апреля 2024 | 09:16

"Көз алдымызда бәрі ағып кетті". Баласына су тасқыны туралы хат жазған аудио иесі сұхбат берді

видео кадры

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында су тасқынынан үйі құлаған ер адамның баласына жазған хаты тарап кеткен еді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желіде Ақтөбе облысында су тасқынынан үйі құлаған ер адамның баласына жазған хаты тарап кеткен еді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Massaget.kz тілшісі желіде тарап кеткен видеодағы адамдарды тауып, өңірдегі жағдай туралы сұрады.

Реклама
Реклама

TikTok-та тараған видео халықтың жан жүрегін елжіретіп жіберді. Өйткені өңірлердегі су тасқыны халықтың жылдар бойы жинаған мал-мүлкінің әп сәтте тас-талқанын шығарды.

"Қалайсың, балам, амансың ба? Әй, ауыл кетті, түгел кетті. Үй де кетті. Үйдің құлағанын көзіммен көрдім ғой. Балабақшаның төбесіне шығып қарап тұрдық. Ауылдың бүкіл үйі құлады. Қойлар Ойылда тәтенің үйінде, сиырлар Барқында, ат Барқында. Тікұшақпен көрдім, аман-есен, бірақ үйдің құлағанын көзіммен көрдім, дым қалған жоқ, опырылып, судың ішіне түсті. Су деген кәдімгі шатырға жетті ғой. Аман болайық, деніміз сау болсын", - дейді ер адам баласына әлеуметтік желіде тараған видеода.

Видеодағы ер адам - Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Екпетал ауылының тұрғыны Самат Бисенбин. Су тасқынынан зардап шеккен өңір тұрғыны мән-жайды толық айтып берді.

"Екпетал ауылында тұрғаныма 53 жыл болды. Әке-шешемнен қалған қара шаңырақ еді. Үйдің кенжесі болғаннан кейін қара шаңырақты ұстап қалған жайым бар. Бала кезім - бәрі сол ауылда өтті. Ауылымыз суға кетіп, қазір аудан орталығында жатырмыз. Аграрлық колледждеміз. 29 наурыздан бастап осы жақтың жатақханасына орналастырды. Жалғыз Екпетал ауылы емес, Жаңабас, Берсиев елді мекендері жатыр. Суға кеткен үш ауыл", - дейді Самат Бисенбин.

@kenesovt01 #актобе #казакстан ♬ оригинальный звук - Тұрар Кеңесов

Ауыл тұрғыны су тасқынына қарсы күні-түні өздері күзет жұмыстарын жүргізгенін жеткізді.

"28 наурызда ауылда күндіз-түні жұмыс істедік, күзетке тұрдық, құм тасыдық. Күндізгі ауысым, түнгі ауысым деген болады. Жаңабаз елді мекенінің жігіттері өз ауылын қорғады. Арамыз - 2 шақырым. Олар таңғы 4-те ауылдарына су кіргізіп алды. Екпетал - Жаңабаз деген тобымыз бар. Олар "ауылымызға су кіргізіп алдық" деп бізге хабарлады. Олардан хабар келгеннен кейін біз де жапа тармағай жұмыс істедік. Бірақ судың толқыны келді, оның үстіне мұз келді, жел, ауа райы кедергі болды. Ауылымыздан айрылып қалдық, су кіргізіп алдық, күшіміз жетпеді. Жартымыз гараждың үстіне, жартымыз балабақшаға қаштық. Мініп үлгердік. Ауылымызды су алып кетті", - дейді ауыл тұрғыны.

@kenesovt01 #актобе #казакстан #батыс ♬ оригинальный звук - 𝑲𝑨𝑰𝑹𝑨𝑻

Екпетал ауылында 50 шақты үй, Жаңабаз ауылында 20 шақты үй бар екен. Қазір 70-тен аса шаңырақ аудан орталығына жатыр.

"Шатырдың үстінде тұрып, ауылдың, үйлердің суға батқанын көзімізбен көрдік. Ауылда қалып қойған малдың, дүниенің суға ағып кетіп жатқанын - бәрін көзімізбен көрдік. Бізге көмек 11-ден кете келе бастады. Бірінші Жаңабас елді мекеніне көмек берілді. Қайық жіберді. Қайыққа жел, толқын кедергі болды. Одан көп көмек болмады. Оның көмегі: халықты бір жерге жинады. Одан кейін тікұшақ шақырттық. Ол да кешігіп келді. Әйтеуір адам шығыны болған жоқ", - деді Самат Бисенбин.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная