03 июля 2019 | 13:26

Кредитті кешіру туралы Президент жарлығы. Бүгінге дейін не білу керек

© Тұрар Қазанғапов

26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды. Ондағы мақсат - қиын жағдайға тап болған отбасыларға, көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жетім балалардың қаржылық ахуалын жақсарту. Айта кетейік, бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетіледі. Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың бүгінге дейін осы көмек жайлы білуі тиіс мәліметтерді ұсынады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

26 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың банк алдындағы берешегіне қатысты жарлыққа қол қойды. Ондағы мақсат - қиын жағдайға тап болған отбасыларға, көпбалалы, мүгедек балалары бар отбасылар, жалғыз асыраушысынан айырылған отбасылар, атаулы әлеуметтік көмек алатындар мен жетім балалардың қаржылық ахуалын жақсарту. Айта кетейік, бұл көмек 500 мыңға жуық қазақстандыққа көрсетіледі. Tengrinews.kz редакциясы қазақстандықтардың бүгінге дейін осы көмек жайлы білуі тиіс мәліметтерді ұсынады.

Көмек кімдерге көрсетіледі

Реклама
Реклама

Қазақстан Президентінің ауыр өмірлік жағдайда қалған отбасылардың кредитін кешіру туралы жарлығы Ақорда сайтында жарияланды. Тоқаев бірінші кезекте Үкіметке және Ұлттық банкке тапсырма берді. 

Ол Үкіметке біржолғы тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті өтеуге қатысты шаралар қабылдауды тапсырды:

- көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аталған қарыздар бойынша борышкерлер болып саналады;

- 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;

- 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспауы тиіс.


© Тұрар Қазанғапов

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қазіргі таңда Қазақстанда 345 475 көпбалалы отбасы бар, 282 615 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр, 98 580 отбасында жасы 18-ден асқан мүгедек балалары бар.

 Жарлық қашан жүзеге асырылады

Жарлық қол қойылған күнінен, яғни 26 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі. Алайда бұл қаулыны іске асыру жұмыстары енді басталады деген сөз. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен бірлесіп Осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдауға тапсырма берілген болатын.

Ақшаны қайдан алады

Жарлық шыққан кейін келесі күні премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов кредиттері кешірілетін отбасылардың несиелерін өтеуге жұмсалатын ақшаны қайдан алатындарын түсіндіріп берген еді.

Смайыловтың айтуынша, мемлекет тарапынан шамамен 105 миллиард теңге қажет.

"Кепілсіз тұтынушылық несиелерді, пайыздарды және біз осыған дейін атап өткен белгілі бір санаттағы тұлғалардың қарызын өтеу үшін мемлекет тарапынан шамамен 105 миллиард теңге қажет. Оның 88,5 миллиардын республикалық бюджеттен аламыз. Ал 17 миллиард теңгеге жуық ақшаны біз Проблемалық кредиттер қорындағы арнайы облигациялардан аламыз. Сондай-ақ, несие бойынша өсімпұлдар мен айыыпұлдардың 70 пайызын қаржы мекемелерінің өз шотынан өтелетінін есте сақтау қажет", - деген еді министр.


© Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк не дейді?

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков та Президент жарлығына қатысты мәлімдеме жасаған еді. 

Смоляков мәлімдемесінде қазақстандықтарға дәл қазір банкке барудың қажеті жоқ екенін айтқан болатын. Айтуынша, қазіргі уақытта талдау жұмыстары жүргізіліп жатыр, ол үшін екі айдай уақыт керек екен.

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен мәлімет алғаннан кейін Ұлттық банк мемлекеттік бюромен, банктармен қосылып 1 маусымға дейінгі мәліметтерді ала отырып, барлық цифрды салыстырады. Қарыз алушылардың ішінде әлеуметтік көмек алатындардың айыппұлдары мен өсімпұлдары қаралады. Шарт қабылданғаннан кейін Ұлттық банк ретінде біз сомалардың кешірілуін қадағалаймыз. Алдағы уақытта сұрақ туындамас үшін мұның бәрі несие құжаттамасында көрсетіледі", - деген еді Смоляков.

Экономикаға қалай әсер етеді?

Белгілі саясаттанушы Ерлан Карин Президент қабылдаған шараның саясаттың барлық әлеуметтік-экономикалық аспектілерін қамтығанын айтады. Саясаттанушының пікірінше, бұл бастама Қазақстанның экономикасына тек жағымды тұстарынан әсер етеді. 

Ал экономист Мұрат Темірханов мемлекет тарапынан тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға көмек көрсету кез келген уақытта жағымды жаңалық болады дейді. Дегенмен сарапшы мемлекет белгілі бір санаттағы адамдардың кредиттерін мен өсімпұлдарын өтей отырып, оларға тағы да артынша кредит алуға мүмкіндік беретін сияқты дейді.

Барлық қазақстандықтың өсімпұлдары кешіріледі

27 маусымда премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов 5 миллионнан аса қазақстандықтың кепілсіз несиелері бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдары кешірілетінін мәлімдеген болатын. 

2019 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша, банктерде және шағын қаржы ұйымдарында кепілсіз тұтыну қарыздары бар барлық азамат үшін есептелген айыппұлдар мен төлемақы өсімдері есептен шығарылады, яғни кешіріледі. Несие алушылардың бұл төлемдерін есептен шығару, ең алдымен, екінші деңгейдегі банктер мен шағын қаржы ұйымдарының есебінен жүргізіледі.

Сонымен қатар, несие беруге, несиеге қатысты қызмет көрсетуге және жеке тұлғалардың 90 күннен астам мерзімі өткен барлық кепілсіз қарыздарына байланысты айыпақы, комиссия және өзге де төлемдер есептеуге тыйым салынатыны белгілі болды.

Банктер іске кірісті

Президенттің 26 маусымдағы "ҚР азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы" жарлығына сәйкес, Kaspi Bank кепілсіз несиелер бойынша (1 шілдедегі жағдай бойынша) мерзімі өткізілген берешекке есептелген өсімпұл мен айыппұлдың күшін жояды. Бұл туралы банктің Facebook желісіндегі ресми парақшасында айтылады. Осы ретте банк өкілдері қазақстандықтар жиі қоятын сұрақтарға жауап береді.

Кімнің өсімпұлы мен айыппұлы кешіріледі

2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қолма-қол Несие, Зат сатып алуға Несие, Несие Картасы бойынша мерзімі өткізілген төлемдері, сондай-ақ уақтылы төленбеген Kaspi Red шоттары бар клиенттердікі кешіріледі. Автонесие бойынша өсімпұл есептен шығарылмайды, өйткені бұл несие - кепілді несие деп ескертеді банктегілер.

"Өсімпұлым мен айыппұлымның кешірілгенін қалай білемін?" 

1 шілдедегі жағдай бойынша несиелер мен Kaspi Red шоттары бойынша мерзімі өткізілген төлемдер болған клиенттерге Kaspi.kz мобильді қосымшасында немесе SMS арқылы хабарлама келеді. Хабарламада есептен шығарылған өсімпұлдың немесе айыппұлдың сомасы көрсетіледі.

"Болашақта өсімпұл есептеле ме?"

Мерзімі өткізілген берешек болған кезде, 1 шілдеден бастап несие бойынша дербес талаптарға және Kaspi Red клубының ережелеріне сәйкес:

- Қолма-қол Несие, Зат сатып алуға Несие және Несие rартасы бойынша мерзімі өткізілген төлемнің күніне 0,5 пайыз;
-  уақтылы төленбеген әр Kaspi Red шоты үшін 2000 теңге мөлшерінде өсімпұл мен айыппұл қайтадан есептеледі.

Өсімпұл мен айыппұл есептелмеуі үшін мерзімі өткізілген берешекті өтеу керек және төлемдерді уақтылы төлеу керек дейді банктегілер.

Бұдан былай кімдерге қарыз берілмейді

Қазақстандықтардың банк алдындағы берешегін өтеу туралы жарлықтан бөлек, Президент табысы төмен қазақстандықтарға несие беруге тыйым салу керектігін мәлімдеп, тапсырма берген болатын.

Қаржылық ахуалын одан әрі нашарлатпау үшін табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіндегі азаматтарға займдар беруге тыйым салынатын болады. Ұлттық банк кепілсіз тұтыну займдарын беру кезінде қосымша реттеу шараларын қабылдайды. Олардың ішінде - займ алушының жалпы қарыздық коэффициенті, банктердің жеке капиталынадеген қосымша талаптар және басқалар бар.

Тоқаевтың айтуынша, дәл қазіргі уақытта тұтынушылық кредит бойынша жағдай енді қайталанбауы қажет. Оның алдын алу үшін Ұлттық банктегілерді қатаң шараларды қолдануға міндеттеу керек деген еді. 

Оқи отырыңыз:

Қазақстандықтардың кредиттері мен өсімпұлдары қалай кешіріледі - Түсіндіреміз

"Кредитті кредитпен жаппаңыз". Қазақстандықтардың қарыз қайтарудағы 5 қателігі

Қандай жағдайларда банктер кредитті төмен мөлшерлемемен беруі мүмкін


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная