ПОДЕЛИТЬСЯ
09 декабря 2021 | 12:10
"Кредиттік рақымшылық көзделмеген". Агенттік фейкті кім таратқанын айтты
Желіде қазақстандықтарға "кредиттік рақымшылық" жасалады деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Желіде қазақстандықтарға "кредиттік рақымшылық" жасалады деген ақпарат тарады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.
Агенттік мәліметінше, бұл ақпаратты Жанболат Мамай таратып жатыр. Агеттік өкілдері қазақстандықтарға "кредиттік рақымшылық" жарияланды деген ақпаратты қоғам белсендісі таратқанын айтып отыр.
"Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Жанболат Мамайдың бұл мәлімдемелері дәйексіз екенін және өзінің жеке саяси мақсаттарын іске асыру үшін азаматтарды адастыратынын мәлімдейді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде теңгемен ипотекалық қарыз, сондай-ақ 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін валюталық ипотекалық қарыз алған халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсету үшін Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру жалғастырылып жатыр", - делінген агенттік хабарламасында.
Агенттік өкілдерінің айтуынша, кредиттік рақымшылықты жүргізу заңнамалық түрде көзделмеген. Агенттікте халықтың кредиттер бойынша берешегін есептен шығару бойынша шешім қабылдау өкілеттіктері жоғы айтылды.
"Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешегі бар азаматтарға қолдау көрсету үшін биыл қазаннан бастап берешекті реттеудің бірыңғай тәртібі енгізілгенін хабарлаймыз. Кредиттер бойынша мерзімін өткізу туындаған жағдайда, қарыз алушылар банкке немесе микроқаржы ұйымына өтінішпен жүгінуі қажет, онда олардың өтініші қаралып, проблемалық берешекті қайта құрылымдау талаптары ұсынылады", - деді агенттік өкілдері.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда "кредиттік рақымшылық" туралы хабарламадан кейін дүрбелең туғаны хабарланған.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также