14 мая 2024 | 10:32

Қуандық Бишімбаев 24 жылға жетпей бостандыққа шығуы мүмкін бе? Заңгер жауап берді

© Tengrinews.kz 2024. Турар Казангапов

Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде көпшіліктің назарында болған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты. Оған 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және ол жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша қатаң мекемеде өтейді. Экс-министр 24 жылға жетпей шығып кетуі мүмкін бе? Ол қандай жағдайларда мерзімінен бұрын шығуы мүмкін? Бұл сұрақтарға Massaget.kz тілшісіне заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы жауап берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ТМД елдерінде көпшіліктің назарында болған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шықты. Оған 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды және ол жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша қатаң мекемеде өтейді. Экс-министр 24 жылға жетпей шығып кетуі мүмкін бе? Ол қандай жағдайларда мерзімінен бұрын шығуы мүмкін? Бұл сұрақтарға Massaget.kz тілшісіне заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы жауап берді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Заңгердің айтуынша, Бишімбаев өзін жақсы жағынан көрсетіп, өзін жақсы ұстайтын болса, 24 жылға жетпей шыға алады. Жазаның 2/3 бөлігін (16 жыл отырғаннан кейін) өтегеннен кейін оған шығуға мүмкіндік туады. Оған қоса, заңгер Қуандық Бишімбаев берілген жаза мөлшерін азайту үшін әлі түрлі әрекеттер жасауы мүмкін екенін айтты.

Реклама
Реклама

"Жаза жақсы берілді деп ойлаймын, бірақ өмір бойына бас бостандығынан айыруға да болатын еді. Бишімбаев әлі апелляциялық шағым жазады. Бұл үкім күшіне енген жоқ. Сондықтан оны барынша азайту үшін қудалайды. Біздің Заңнамада шыққан шешімге наразылық көрсетіп, апелляция беру - кез келген адамның құқығы. Үкім шыққаннан кейін 15 күнге жетпей ол апелляциялық шағым жаза алады. Ол шамамен екі айдай қаралады. Одан кейін 6 айдан кейін кассацияға бере алады. Яғни Жоғары сот арқылы шағым түсіре алады. Ерекше режимнен қатаңға ауыстыра алады. Уақыт өткен сайын оны жалпы режимге өткізе алады. Егер жалпыға өтетін болса, жазаның 2/3 емес, 1/3 бөлігін өтеп, мерзімінен бұрын шығуға өтініш жаза алады. Енді бұл жерде біздің заңнамада бір-біріне қайшылықтар көп, сондықтан олар барлық түрлі әрекетті жасайды деп ойлаймын", - дейді заңгер Мұхамедияр Нұрғалиұлы.

Мұхамедияр Нұрғалиұлы экс-министрді айыптаған бап бойынша қарайтын болсақ, оған максималды жаза берілгенін айтты.

"Оған 99-баптың 2-бөлімі 9-тармағына сәйкес ұзақ мерзімде ұрып соғу арқылы өлтірді деген айып тағылды. Бұл жерде өзінің шектеуі бар. Яғни ол бойынша 15-25 жыл арасында немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру қарастырылады. Өмір бойына бас бостандығынан айыруға сот жүйесі қорқақтаған секілді. Себебі бізде мұндай іс бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыруды алатындар өте аз. Ол жағынан қарасақ, максималды жаза берді", - дейді заңгер.

Маман тікелей эфирде өткен сот отырыстары халықтың құқықтық сауатын арттыруға ықпал еткенін айтты.

"Бұл іс Қазақстанның сот жүйесіне кәдімгідей өзгеріс әкелді. Осы уақытқа дейін зорлық-зомбылық көріп жүрген көптеген әйелдер бар. Қазір осы Бишімбаевтың ісінен кейін барлығы сыртқа шығып жатыр. Бұрын қорқып, қайда барамын, не істеймін деген адамдарда қазір сенімділік пайда болып жатыр. Бұл Қазақстанның сот жүйесі үшін бір сынақ болды. Себебі іс Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елінде тікелей эфирде көрсетілді. Шыны керек, сот жүйесінің әділ екеніне көпшілік сенбейтін. Алайда бұл шешім көпшілікке үміт берді деп санаймын", - дейді маман.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная