04 августа 2021 | 10:29

"Қуанышты жаңалықты түнде естідік" - Он тоғыз миллионыншы қазақстандықтың анасы

Сурет отбасының жеке мұрағатынан. © Tengrinews.kz

Он тоғыз миллионыншы қазақстандық қыздың анасы Назгүл Көбентаева Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, баланың қазіргі жағдайы мен қуанышты хабарды қалай қабылдағанын айтып берді. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Он тоғыз миллионыншы қазақстандық қыздың анасы Назгүл Көбентаева Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, баланың қазіргі жағдайы мен қуанышты хабарды қалай қабылдағанын айтып берді. 

Назгүлдің айтуынша, Желіде баланың туған күніне байланысты ақпарат қате тарап кеткен екен.

"Негізі Жания 20 маусымда туған. Салмағы - 4,160 келі, бойы - 55 сантиметр болып туды. Желіде 3 тамыз деп қате ақпарат тарап кетіпті. Қазір жағдайымыз жақсы, үйдеміз. 19 миллионыншы қазақстандық атанғанымызды кеше, 3 тамызда түнгі 23.30 шамасында білдік қой", - дейді Назгүл. 

Реклама
Реклама

Назгүл мен жары Азамат 2007 жылы шаңырақ көтерген.

"2007, 2012 жылы туған қыздарымыз бар. 2014 жылы тағы бір қызымыз өмірге келген, бірақ 1 жас 7 айында шетінеп кетті. Сол қызымыздан кейін биыл төртінші қызымыз дүниеге келді. Жолдасым Азамат Сарқанд қаласынан, өзім Талдықорған қаласының тумасымын", - дейді ол. 

Назгүл Көбентаева мен Азамат Нұрғалиев отбасымен. © Tengrinews.kz

Қуанышты хабарды дәрігерлер айтқан екен. 

"Бұл жаңалықты ауруханадағы дәрігерлеріміз хабарлады. Бізді жан-жақтан іздестіріпті. Өзім қаралып жүрген гинеколог дәрігерім хабарлады. Түнде медбикелер мен ауыл әкімі келіп құттықтап кетті", - дейді Назгүл. 

Назгүл Көбентаева қызы он тоғыз миллионыншы қазақстандық болғанын естігенде аздап қобалжығанын айтады. 

"Туған-туыстарымыз да бұл жаңалықты естіді. Кешеден бері бәрі хабарласып, құттықтап жатыр. Он тоғыз миллионыншы қазақстандық боламыз деп мүлде ойламаппыз. Кеше естіп, қобалжу болды ғой бәрібір. Бір шеті қуандық. Қазір бәрі жақсы. Жания айы-күніне толып туды. Жақында баланың қырқынан шығардық", - дейді Назгүл.  

Еске салайық, кеше, 3 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 19 миллионға жеткенін хабарлаған болатын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

"Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетті. Алматы облысында дүниеге келген Жәния Азаматқызы еліміздің он тоғыз миллионыншы азаматы ретінде тіркелді. Жәния - отбасында төртінші бала. Ата-анасы мен қазақстандықтарды осы қуанышпен құттықтаймын. Бауы берік болсын!", - деп тіледі Президент.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная