ПОДЕЛИТЬСЯ
15 августа 2023 | 12:35
"Қуаныштың арты қайғымен аяқталған". Алматыда бір жасар бала 8-қабаттан құлап мерт болды
Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы жағдай орын алды. Оқиға Жүнісова 8\8 мекенжайында, 11 тамыз күні кешкі сағат 22:30 шамасында болған. Анасының туған күніне жиналған ұл-қыздары бір сәтте 1 жастағы бүлдіршіннен көз жазып қалған. Салдарынан, кішкентай бала дәлізге шығып кетіп, 8-қабаттан құлап мерт болыпты. Марқұмның әпкесі болған оқиғаға құрылыс компаниясын кінәлап отыр. Баспалдақ маңындағы темір қоршаудың аралары ашық болуы салдарынан бала құлады дейді. Себебі екі жылдан бері мәселені қанша айтсақ та, қайғылы оқиғаға дейін қимылдаған бірде бір қызметкер болмаған екен. Massaget.kz тілшісі оқиға орнына барып тұрғындармен тілдесіп қайтты.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Қуаныштың арты қайғымен аяқталған қаралы күнге 3 күн өтті. Бүгін 8-қабаттан құлап мерт болған бүлдіршін жер қойнына тапсырылды. Марқұмның әпкесі енді ғана өсіп келе жатқан бүлдіршіннен қас-қағым сәтте айрылып қалғанына сене алар емеспіз дейді. Оның сөзінше, бар кінә мәселені біле тұра жүйелі шара қолданбаған құрылыс компаниясы алуы тиіс. Себебі, бұл жағдай бірнеше мәрте қайталанған көрінеді.
"Екі жыл бұрын берілген үйде камера істемейді. Оның өзін тұрғындардың бірі темекі тастап, үй өртенуге шақ қалғанда барып орнатып берді. Екі жыл бойы баспалдақтардың қоршауына қатысты арыз-шағым жазылып келеді. Бұл жағдай бір емес бірнеше мәрте болған. Мәселен, кеше менің ата-анама Жүнісова, 8\7 үйде тұратын көршілер хабарласып бастарынан осындай жағдайдың өткенін айтты. Кішкентай бала 3-қабаттан құлап аяқ-қолын сындырған. "Біз "құрылыс компаниясына бардық. Бірақ қуып шықты деді". Бұл компанияның баспалдақтың қоршауын жасаймыз дегеніне 2 жыл болды. Бала өлген соң 2 күннен кейін жасап береміз деді. Тіпті бізден кешірім де сұраған жоқ. Құрылыс компаниясы баламыздың түбіне жетті", - дейді Айжан есімді әпкесі.
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов
Көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары "біздің де баламыз құлап кетпесіне кім кепіл" деген талап-тілектің негізінде топтасып, компания өкілдерінен баспалдақтың қоршауын бала сыймайтындай етіп жасап беруді талап етті. Сондай-ақ тұрғындар былтыр күз айынан бастап шағым түсіргенін айтады. Компания өкілдерімен бірнеше мәрте кездесулер де өткізіліпті. Мұны заңгердің өзі де мойындап отыр.
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов
"Кездесу өткізгеніміз рас, кездескеннен кейін жалпы шешімдер қабылданғаны да рас. Соның бәріне хаттама жасалынған. Сөйтіп біздің компания міндетті түрде осындай қауіпсіздік шараларын қолдануға міндетті болған. Сол хаттама бойынша осы бірінші қыркүйекке дейін осы жұмыстардың бәрін бітіру керек еді негізі. Алайда жұмыс осы тамыз айының ортасына жетті. Енді 1 қыркүйекке дейін құрылыс жұмыстарының бәрін бітіреді", - деді құрылыс компаниясының заңгері Ердәулет Кулшиков.
Фото: Massaget.kz / Жақсылық Зинешов
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.
Бұл маңда аталған компания салған 12 үй бар екен. Алайда олардың ешқайсысында дәл осындай қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Құрылыс компаниясы директорының орынбасары Дархан Маркумов қыркүйек айына дейін мәселені толық шешіп беретіндерін айтты.
Показать комментарии
Читайте также