06 июня 2019 | 17:32

Құжатты интернетке салудың қаупі қандай - Заңгер түсіндіреді

Жеке куәлік, банк картасы және қандай да бір идентификациялық мәліметтері бар өзге де құжаттарыңыздың скриншоты немесе суреті Интернетте жариялануынан қандай қауіп бар? Бұл қауіптерді Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Дияра Закирова түсіндіріп берді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жеке куәлік, банк картасы және қандай да бір идентификациялық мәліметтері бар өзге де құжаттарыңыздың скриншоты немесе суреті Интернетте жариялануынан қандай қауіп бар? Бұл қауіптерді Tengrinews.kz тілшісіне заңгер Дияра Закирова түсіндіріп берді.

Заңгердің айтуынша, Қазақстанның "Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" заңының 1-бабының 4-бөлігі бойынша, жеке куәлік - азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат. 

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта өздері рәсімдемеген, бірақ өз атына алынған микронесие мәселелері бойынша көмек сұрап келетін азаматтар көп. Көбінесе бұл өз құжаттарын, соның ішінде жеке куәлігін жоғалтқан адамдар немесе оған жақын адамдарға, сондай-ақ өте жақын таныстарына сеніп тапсырған адамдар. Алаяқтар қазіргі дамып жатқан заманның жаңалықтарын өзінің пайдакүнемдік мақсаттарын жүзеге асыру үшін қолданып жүр, интернеттің дамуы оларға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр", - дейді ол.

Маман жоғалған құжат арқылы онлайн-қарыз алу дерегі көп кездесетініне тоқталып, оның қалай жүзеге асырылатынын түсіндіріп берді.

"Микронесиелерге қатысты айта кетер болсақ, көбінесе бұл онлайн-қарыздардың сомасы бір қарағанда шамалы, 5000-нан 40 000 теңгеге дейін болуы мүмкін. Бірақ қарыз мөлшері одан да көп болуы ғажап емес. Алаяқтар басқа тұлғаның мәліметтерін және құжаттардың фотосуреттерін пайдалана отырып, сондай-ақ жеке куәлікте көрсетілген тұлғаның жеке деректерін көрсете отырып, онлайн режимінде микроқарыз ұсынатын компаниялардың жеке кабинеттерінде тіркеледі. Микроқарыз рәсімделіп, кейін алаяқтық құрбаны болатын адам шағым түсіргенде бірінші кезекте олардың жақын адамдарын қарастыру керек. Себебі олар жеке кабинетке кіргенде тұлғаның жеке мәліметтерін идентификациялау барысында сенімге қиянат ете отырып, оның суретін түсіріп жүктей алады және телефоны арқылы шын мәнінде сол тұлғаның қарыз алып жатқанын растай алады", - дейді ол.  

Одан басқа, қаскөйлер зардап шегушінің жеке куәлігін тіркеумен қатар, оның банк карталарындағы мәліметтерін тіркеп, сол карта шоты арқылы қарыз ақшаға қол жеткізуі мүмкін екен. Ал мұның себебі ретінде алаяқтар өз картасының бұғатталғанын немесе басқа сылтауларын атайды.

"Олар қарыз беруші компаниялардың сайтында онлайн арқылы ақша беруде қаражатты қайда жіберуі керек екенін сұрайтын кезде өз құрбанының мәліметтерін көрсетеді. Ал осындай жағдайлардың құрбандары оларды жаңылыстырады деп күдіктенбей, өз картасын беруге және кейіннен оларды алып тастауға келіседі. Осы кезде алаяқ өз құрбанынан келген SMS-хабарламадағы құпиясөзді атауын сұрап, кейін өз дегеніне осылайша жетеді", - деп түсіндірді ол. 

Ал бұдан кейін зардап шегугші өз атына рәсімделген қарыздар туралы көбінесе осы компаниялардың қызметкерлері қоңырау шалып, алдағы қарызы үшін төлем туралы немесе қарыз бойынша бар қарызы туралы ескерткеннен кейін ғана біліп жатады.

Сондықтан, маманның айтуынша, төлқұжат жоғалса дереу әрекет ету керек.

"Осы ұйымдардан жеке куәлікті жоғалтқаны туралы анықтаманы алғаннан кейін халыққа қызмет көрсету орталығына барып, барлық тиісті процедураларды сақтай отырып, жаңа куәлік аласыз. Базада жоғалған жеке куәліктің күші жойылады және жаңадан берілген құжаттың жаңа деректері бар жаңа нөмір көрсетіледі", - дейді ол.

Бұл іс ХҚКО-ға барумен шектелмейді екен. Оған қоса, құжаттарды ұрлау дерегі жайлы дереу құқық қорғау органдарына өтініш беру қажет.

"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сіз жоғалтып алған құжатты қайтару үшін ақшалай сыйақы талап етуге ешкімнің де құқығы жоқ. Ал талап еткен жағдайды бірден құқық қорғау органдарына хабарласу керек. Сондықтан ешқашан бөгде адамдарға жеке деректерін бермеу керек және құжатты себепсіз ешкімге ұстатпау керек", - дейді заңгер.

Сондықтан заңгер қырағы болуға және өз құжаттарыңызды Интернет бетінде жарияламауға кеңес береді.

Еске салайық, бұған дейін заңгер тұлқұжат жоғалғанда қандай қауіп бар екенін түсіндірген еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная