ПОДЕЛИТЬСЯ
27 июня 2023 | 16:53
Құрбан айт - 2023: шалынатын мал бағасы биыл қалай құбылды?
Құрбан айт жақындаған сайын қаладағы қой бағасы қымбаттап кететіні жасырын емес. Исі мұсылманның мерекесі қарсаңында қалтасын қампитып қалуға тырысатындардың да табылатыны ақиқат. Massaget.kz тілшісі мал базарларындағы бағаны бақылап көрді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Құрбан айт жақындаған сайын қаладағы қой бағасы қымбаттап кететіні жасырын емес. Исі мұсылманның мерекесі қарсаңында қалтасын қампитып қалуға тырысатындардың да табылатыны ақиқат. Massaget.kz тілшісі мал базарларындағы бағаны бақылап көрді.
Қалышев Еламан әр жыл сайын құрбан шалып, Алланың разылығы жолында жүрген азаматтың бірі. Айтуынша әр жыл сайын қой бағасы 5-10 мың теңгеге қымбаттап келеді. "Мал басын екі үш жанұяға таратып беретін болған соң ірісін таңдағанды дұрыс көремін. Жалпы биыл қойлардың күйі жақсы" дейді ол.
"Мәселен мынау кішкентай ісек бағасы 65 мың. Былтыр шамаман 50-55 мыңның айналасында болатын. Жалпы қой бағасы айтарлықтай қымбаттаған. Қойды алғаннан кейін оны сойдырту бар. Қасапшы әр мал басы үшін 4000 теңге алады. Алдыңғы жылы 2000 теңге болатын бұл қызмет", - дейді.
Ал "Алтын Орда" базарындағы ұсақ малдың бағасы 50 мыңнан басталып 100 мыңға дейін барады. Құрбан айтқа байланысты келушілердің қатары көбейген. Десек те сатушылар "біз қой бағасын өсірмедік" деп ағынан жарылды. "Тек сауданың қызатын шағы болғандықтан көбірек сатуға тырысамыз. Саудада береке бар ғой" дейді сатушылардың бірі.
Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы оқи аласыз.
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также