ПОДЕЛИТЬСЯ
21 сентября 2020 | 15:06
Құс тұмауы адамға жұқпайды, коронавируспен байланысы жоқ - Сұлтанғазиев
Құс тұмауы адамнан адамға жұқпайды және оның коронавирусқа еш қатысы жоқ. Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Құс тұмауы адамнан адамға жұқпайды және оның коронавирусқа еш қатысы жоқ. Бұл туралы ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Вирус (құс тұмауы - авт.) адамнан адамға жұқпайды. Құс тұмауын жұқтырған құстың тірі кезінде контакт жасаған адамға немесе етін жеген адамға жұғатын деректер өте сирек кездеседі. Құс өнімінен, яғни еті немесе жұмыртқасынан жұқтырған жағдайлар мүлде жоқ деуге болады. Сондықтан адамдар арасында құс тұмауын жұқтырған жағдай жоқ... Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары құс фабрикасында жұмыс істеген 400-ге жуық адам анықтады. Дәрігерлер жағдайын бақылап отыр. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық.
Сондай-ақ қазір Қазақстанда құс еті, өнімдерін бақылау күшейтілді... "Тұтынушылардың құқығын қорғау" және "Ақпаратқа қолжетімділік" заңының аясында кез келген тұтынушы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы туралы тиісті құжатты талап етуге құқылы", - деді ол ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ комитет төрағасы құс тұмауының коронавируспен байланысы жоғын айтты.
"Бұл жағдайдың коронавирусқа еш қатысы жоқ. Себебі коронавирус адамнан адамға жұғады, ал құс тұмауы құстан құсқа жұғады", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева елімізде құс тұмауының қалай пайда болғанын түсіндірді.
"Үлкен трагедия". СҚО-да тәулік ішінде құс тұмауынан 180 мың тауық қырылды
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ауданында құс тұмауына байланысты карантин енгізілгені хабарланған еді.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также