31 августа 2021 13:42

"Күйеу бала вакцина салдырған текті әулеттен екен" - Қазнеттегі мемдер

Камила Долаева Корреспондент
© pexels.com

Tengrinews.kz тілшісі Желіде тарап жатқан соңғы мемдер мен әзілдерге шолуын жалғастырады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz тілшісі Желіде тарап жатқан соңғы мемдер мен әзілдерге шолуын жалғастырады.

Кейінгі аптада әлеуметтік желілерде, әсіресе блогерлер арасында, жалдамалы пәтер бағасы қызу талқыға түскен болатын. Алматы студенттері жалдамалы пәтерлердің күрт қымбаттауына наразы болды. Себебі жалға берілетін тұрғын үй бағасы орташа есеппен 30 мың теңгеге өсіп кетті. 

Жылжымайтын мүлік жөніндегі мамандар да мұны растап отыр. Баға сұраныстың күрт артқанынан шарықтап кеткен. Оған қоса ұсыныстан гөрі сұраныс әлдеқайда көп екені айтылды. Мамандар алаяқтардан сақ болуды да ескертті, себебі мұндай кезде олардың белсенділігі арта түседі. 

Реклама
Реклама

Желіде де бұл тақырыпта әзірдегендер болды. "Ұшты-ұшты, жалдамалы пәтер бағасы ұшты" - дейді блогер Дәулет Төлеутайұлы.

Айта кетейік, студенттер ағыны тоқтамайынша баға да өсе береді. 

Алматыдағы Алатау ауданы әкімдігінен күштеп шығарылған "Хабар 24" телеарнасының журналисі Ақбөпе Тәңірбергеннің оқиғасы естеріңізде болар. Журналист әкімдік өкілдерімен сұхбатқа алдын ала келісіп тұрып ғимаратқа кіре алмаған еді. Ал ішке кіруге тырысқанда, күзетші оны көтеріп алып, сыртқа шығарып жібереді. Телеарна қызметкерінің айғайы мен қарсылығына қарамастан, ер адам оны көшеге итеріп, есікті жауып алады. 

Осы оқиғаға байланысты Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевпен де әзіл шықты. 

"Мен қарамағымдағы адамдарға әкімдік қызметкерлері журналистерді алақанында аялап ұстау керек дегенімде, мұны айтпаған едім", - дейді Сағынтаев мемде. 

Қарағандылық автобус жүргізушісі Айдос Аринов TikTok-та хит болған еді. Оның The Kid Laroi мен Джастин Бибердің орындауындағы Stay әніне түсірген видеосы барлық әлеуметтік желіде тарап, TikTok-та 551 мың қаралым жинады. Енді жолаушылар "Автобус кешігіп жатса, жүргізуші билеп жүрген шығар" деп әзілдейтін болды.  

Қазнетте қазақтың тойына қатысты әзілдер толаспайды. Солардың бірі - "Қыз ұзаттық. Күйеу бала вакцина салдырған текті әулеттен екен". 

 Ал пандемияға қарамастан той жасаудан тайынбайтын қазақтарға мынадай мем шығыпты. 

 Жағдайы болмай тұрса да той жасап, көлік алатын адамдар да келеке болды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram