08 июня 2020 | 16:04

Күз мезгіліне дайындалып жатырмыз - Надыров коронавирустың екінші толқыны туралы

Даурен Ерболат Журналист

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров шаһарда COVID-19 вирусының екінші толқыны болу қаупі барын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыров шаһарда COVID-19 вирусының екінші толқыны болу қаупі барын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Басқарма басшысы медицина қызметкерлері мен науқастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Науқастардың медициналық көмекті алу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Медициналық қызметкерлер қорғаныш құралдарымен және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген", - деді ол өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ, Қамалжан Надыров күзде коронавирустың екінші толқыны болуы мүмкін екенін айтып қалды.

"Күз мезгіліне де дайындалып жатырмыз. Егер аурудың екінші толқыны болып қалса...", - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол Мемлекет басшысының медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмасы орындалып жатқанын жеткізді.

"Алдағы уақытта қаладағы барлық станционарда бас дәрігердің инфекциялық жағдайға жауап беретін орынбасар қызметі пайда болады. Бұл эпидемиологтардың мәртебесін көтеруге, білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді", - деді Қамалжан Надыров.

Айта кетейік, Алматыда 2 882 адам коронавирус жұқтырған. 1 897 науқас дертінен айықты, 10 адам қайтыс болды.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная