Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 августа 2018 13:37

Күзгі демалыс маусымы: Қазақстандықтар қай елдерге көп барады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pexels.com © pexels.com

Еңбек демалысын алып, шетелге саяхаттау деген кезде көз алдымызға көбіне жаз маусымы елестейді. Бірақ жаз кезінде ыстығына төзу мүмкін емес елдер жетерлік. Сондықтан кейбіреулер еңбек демалысын күзде алып, шетелге шығуды қалайды. Себебі бұл мезгілде кей жерлерде жаңбыр маусымы аяқталып, аптаптың беті қайтып, жағажай демалуға ыңғайлы уақыт туады. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі туризм саласындағы мамандардан күзде қазақстандықтардың қай елдерге деген сұранысы артатынын сұрап көрді.


Еңбек демалысын алып, шетелге саяхаттау деген кезде көз алдымызға көбіне жаз маусымы елестейді. Бірақ жаз кезінде ыстығына төзу мүмкін емес елдер жетерлік. Сондықтан кейбіреулер еңбек демалысын күзде алып, шетелге шығуды қалайды. Себебі бұл мезгілде кей жерлерде жаңбыр маусымы аяқталып, аптаптың беті қайтып, жағажай демалуға ыңғайлы уақыт туады. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі туризм саласындағы мамандардан күзде қазақстандықтардың қай елдерге деген сұранысы артатынын сұрап көрді.

Еліміздегі туристік агенттіктердің бірінің сатылымдар жөніндегі директоры Балжан Біләлованың айтуынша, қазақстандықтар күзгі еңбек демалысын Түркия елдерінде өткізуді қалайды. Айтуынша, Түркиядағы туристік маусым қазан айының ортасына дейін сақталады.

"Қазақстандықтар жаз аяқталған кезде көбіне Түркия, Мысыр және Біріккен Араб Әмірліктерінде демалады. Ал күз соңында қыс мезгілінің басында Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiне сұраныс артады. Мысалы, Тайланд, Вьетнам, Бали елдеріне. Кейде Гоа елдеріне барғысы келетіндер табылады", - дейді Балжан Біләлова.


© pexels.com

Сондай-ақ, туристік агенттіктің өкілі Түркияға және Мысырға сапардың күз айларында арзандайтынын жоққа шығармады. Бірақ, айтуынша, күзде керісінше Әмірліктерде баға өседі.

"Күз маусымында, мысалы, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің бірі Тайландқа бір адамға 1 200 доллар шамасында ақша жұмсалады. Ал Дубайға күзде бағалар адам басына 800 доллардан басталса, Мысырда бір адамға 1000-1200 доллар шамасында шығады", - дейді Балжан Біләлова.

Тағы бір туристік агенттіктің өкілі Ольга Ведрицкаяның айтуынша, клиенттер күзгі еңбек демалысын Мысырда, Біріккен Араб Әмірліктерінде және Хайнань елдерінде өткізеді. 

"Түркияға деген сұраныс та жоғары. Қыркүйекте Түркияда жылы ауа райы сақталады. Бірақ, Мысырды айтып өткім келеді. Күзде Мысыр мен БАӘ-ге барудың артықшылығы көп. Мысалы, қонақүй мен тамақтану қымбатқа шықпайды, әдетте төмен бағалармен сатылады. Ал Әмірліктерде балаларға және үлкендерге арналған ойын-сауық кешендері көп. Бағасынан да ұтылмайды", - дейді Ольга Ведрицкая.


© pexels.com

Сондай-ақ, маман ол елдерден басқа Гоада күзде климаттың жақсы екенін және бағасы аса жоғары болмайтынын айтып өтті.

"Нақты күзгі маусым туралы айтар болсақ, Мысырда орта есеппен бір адамға 800 доллар, БАӘ-ге 300 доллардан бастап, Хайнань 500-700 доллар, Гоа 600 доллар, Тайландқа 700 доллардан басталады. Дегенмен мен күзде көбіне Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне баруға кеңес беремін. Себебі онда климат өте жақсы және онда қатты ыстық болмайды", - дейді туризм агенттігінің менеджері.

Бұдан бөлек, маман күз айында еңбек демалысына шығудың ұтымды тұстарына тоқталды. Ольга Ведрицкаяның айтуынша, күзде шетелде демалудың ең басты артықшылығы жазға қарағанда күз бен қыс айларында демалуға болатын бағыттар көп.

"Мысалы, күз және қыс кезінде Мысыр, Хайнань, Гоа, Тайланд, Вьетнам, Малайзия, Индонезия, Доминикан және Мальдив аралдарына баруға болады. Және де күз маусымында баға жазға қарағанда төмен түседі. Мұнымен қатар, шуды аса ұнатпайтын, алаңсыз демалысты қалайтындар сабақ басталған кезде, яғни балалар аз болатын уақытта демала алады", - дейді туристік агенттіктің өкілі.

Демалыс маусымы: Шетелге шығу алдында нені ескеру қажет?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети