Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
19 июня 2018 15:52

Қыдырәлі мен Қарақаттың ұлы ең ақылды жастарды жинайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бекболат Болманов. © "Жас Отан" жастар қанатының Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі Бекболат Болманов. © "Жас Отан" жастар қанатының Астана қалалық филиалының баспасөз қызметі

Қазақстандық әнші жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның ұлы Бекболат Болманов елімізде алғаш рет зияткерлік коэффиценті жоғары адамдарға арнап ашылған IQ Kazakhstan ұйымының бас координаторы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші жұп Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдинаның ұлы Бекболат Болманов елімізде алғаш рет зияткерлік коэффиценті жоғары адамдарға арнап ашылған IQ Kazakhstan ұйымының бас координаторы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұйым тұжырымдамасы әлемнің 100-ден аса мемлекетінде бар, оның ішінде Англия, Америка сияқты дамыған 30 мемлекетте белсенді жұмыс жасайтын Mensa ұйымының тәжірибесіне сүйене отырып жасалған", - деді Бекболат Болманов Қазақ технология және бизнес университетінде өткен баспасөз мәслихатында.


© IQ Kazakhstan ұйымының баспасөз қызметі

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ұйымға мүше болу үшін биылғы шілде айының 20, 22, 24 күндері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында өтетін арнайы зияткерлік көрсеткіші жоғары адамдарға арналған тестілеуге қатысып, жоғары көрсеткіш көрсетуі қажет. Сондай-ақ, тестілеуге 10 жастан жоғары кез келген Қазақстан азаматы 19 маусымнан 12 шілдеге дейін ұйымның әлеуметтік желедегі көрсетілген сілтемесі арқылы электронды түрде өтініш білдіре алатыны айтылады.

"Ұйым мүшелері жылына бірнеше рет жиналып тұрады. Жиналыс еркін форматта баяндамалармен, концерттік бағдарламалармен және интеллектуалды (Гарнелли, Покер, Мафия, Эрудит, шахмат сияқты) ойындармен өткізіледі. Барлық шығынды ұйым өз мойнына алады" - деді ұйым директоры Алтынбек Сапаралы.

Еске салайық, жұлдызды жұптың ұлы Бекболат Болманов биыл сәуірде IQ START интеллектуалдық тестілеуінде жоғары көрсеткішке ие болып, Астананың ең ақылды жастарының бірі атанған еді. Бұл шараға Астана қаласынан 84 мектептің 400-ден аса оқушысы қатысқан.

Айта кетейік, Mensa - ұйымы зияткерлік коэффиценті жоғары адамдарды бір ортаға жинайтын халықаралық ұйым. Ұйым 1946 жылы құрылған. 2016 жылы бұл ұйымға Димаш Әділет есімді қазақстандық ресми түрде енген еді.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 448.12   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети