15 июля 2020 18:17

"Қылмыстық іс қозғалуы мүмкін". Министр той ұйымдастырғысы келетіндерге ескерту жасады

Даурен Ерболат Журналист
Фото: elements.envato.com

Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде той ұйымдастырған қазақстандықтар қомақты айыппұл төлеп, қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет министрі Марат Бекетаев карантин кезінде той ұйымдастырған қазақстандықтар қомақты айыппұл төлеп, қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство басшысы карантин кезінде жеке меншік үйдің аумағында той ұйымдастырғандар да заң алдында жауап беретінін ескертті.

Реклама
Реклама

"Бұл жағдай ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425 бабымен реттеледі. Бірінші рет, оған (құқық бұзушы - автор) 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер мұндай іс-шарада адамдар жаппай вирус жұқтырса, айыппұлдың да көлемі айтарлықтай жоғары болады. Тіпті, оқиғаның салдары болса, қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін әділет министрі "қазақстандықтардың жеке және медициналық мәліметтері ұрланды" деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген еді.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға созылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram