08 декабря 2023 | 10:51

"Қымбатқа алып, арзанға сатып жатырмыз". ШҚО-да диқандардың егіні жиналмай қалды

Фото: Massaget.kz / Асыл Бигелді

Өскеменде өткен жиынға облыс прокуроры Алмат Байшолақов қатысып, жауапты тұлғалар ауыл шаруашылығының мүшкіл халін айтты. "ҚазАгроҚаржы" АҚ мен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өкілдері келтірген деректер де көңіл көншітпейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Өскеменде өткен жиынға облыс прокуроры Алмат Байшолақов қатысып, жауапты тұлғалар ауыл шаруашылығының мүшкіл халін айтты. "ҚазАгроҚаржы" АҚ мен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ өкілдері келтірген деректер де көңіл көншітпейді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Шығынға батқан шаруалар

Реклама
Реклама

ШҚО прокуратурасы қоғамдық қызығушылықты қорғау бойынша басқарма басшысы Жандос Қоңыровтың айтуынша, дәнді дақылдарға обал болды.

"Тоқтаусыз жауған жаңбыр өнім көлеміне айтарлықтай кері әсерін тигізді. Бидай сапасы төмендеп, ылғалдылық артты. Соңында рефакцияға (тауар бағасының кемуі) әкелді. Жедел ақпараттарға сүйенсек, 2023 жылдың 15-і қарашасында 270 мың га алқапта дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Өнім мол көлемде жиналса да, статистика аудандар көлемінде диқандардың шығынға ұшырағандарын көрсетті. Келтірілген деректерге қарасақ, азды-көпті табыс түскендей байқалуы мүмкін. Бірақ түптеп келгенде, шағын жер учаскесі бар шаруалар өнімдерінен түгелдей айырылды", - деді ол.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, Ұлан ауданында - 14 пайыз, Шемонаиха ауданы - 3 пайыз, Алтай ауданында - 10 пайыз және Глубокое ауданында - 2,5 пайыз өнім жиналмай қалды. Онымен қоса, өніп кеткен бидай ұн әзірлеуге де жарамай, шығын етектен тартты. Бір келісін 180 теңгеден сатып алған күнбағысты күзден бастап 70 теңгеден сатуға мәжбүр. Осының есеп-қисабын шығарған мамандар ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің егіні ысырап болып, өнімнен қағылғандарын жеткізді. Экспресс-сараптама қорытындысына сүйенген прокуратура "мемлекет тарапынан 17 шаруа қожалығы қолдауға мұқтаж" деп алдын ала болжамдарын ұсынды.

Мемлекеттен қолдау бар ма?

Прокуратура ұсынған мәліметке сәйкес, аймақта алдымен дәнді дақылдардың, артынша ұнның қымбаттауы күтіледі. Бүгінде бидайдың бір келісі 120-130 теңге шамасында. Естеріңізде болса, тамыз айында 90 теңге болған еді.

Облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Рамиль Сағандықовтың сөзінше, өңір бойынша бес мың гектар алқапта егін жиналмады.

"Мемлекеттен қолдау ретінде облысқа 8,5 мың тонна жеңілдетілген бағамен дизель отыны және кептіруге 7 мың тонна майлы дақылдар жеткізілді. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидияландыру бағдарламасына сәйкес аймақ бойынша әртүрлі бағытқа деп 26 млрд теңге бөлінді. Бүгінде тағы 10 млрд теңгеге қажеттілік байқалады. 22-ші қараша күнгі мәліметке сәйкес 5,9 млрд теңгені бөлу мақұлданып, асыл тұқымды мал, дақылдарға тұқым сатып алу мәселесі шешіміп тапты", - деді Рамиль Нығметжанұлы.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная