17 июня 2021 | 20:31

Қырғызстандық жүргізушілер екі аптадан бері Қазақстан шекарасынан өте алмай отыр

Сюжет кадры

Қырғызстаннан Ресейге шыққан транзиттік көліктер Жамбыл облысынан кете алмай тұр. 40-қа жуық жүк көлігінің жүргізушілері негізсіз тексеруге тап болдық дейді. Бұл туралы Instagram желісіндегі Aibat News жобасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстаннан Ресейге шыққан транзиттік көліктер Жамбыл облысынан кете алмай тұр. 40-қа жуық жүк көлігінің жүргізушілері негізсіз тексеруге тап болдық дейді. Бұл туралы Instagram желісіндегі Aibat News жобасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қырғызстандық жүргізушілердің сөзінше, қазақстандық салық органы олардың құжаттарын жинап алған, бірақ екі аптадан бері әлі тексермеген. Ақшасы таусылуға айналған қырғызстандық жүргізушілер Үкіметтен көмек сұрады.

Жоба журналисінің мәліметінше, Меркіде тұрған 40-қа жуық қырғызстандық көлік осыдан екі апта бұрын Сыпатай батыр шекара бекетінен шыққан. Тиелген тауарын тексереміз деп тұраққа кіргізген Мемлекеттік кіріс комитетінің мамандары он күннен бері төбе көрсетпепті.

Реклама
Реклама

"Біріншіден, тексерейік демейді. Екіншіден, транзитті тоқтатуға болмайды. Үшіншіден, Кедендік одақ не үшін керек? Қайта ол жоқ кезде жақсы еді. Проблема болмайтын. Бұл жерде әлдекімдердің мүддесі жатыр. Оны камераға айта алмаймыз", - дейді қырғызстандық жүргізуші Виктор Рыжков. 

Жүргізушілердің айтуынша, олар автотұраққа тәулігіне 4 мың теңге төлеп отыр. Автотұрақ жанындағы шағын ғимаратта ас ішіп, сонда жуынады екен. 

Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері жоба журналистеріне жүкті тексеретін адам саны аз екенін айтқан. Ал қосымша тексеріске себеп - тауар қырғыз емес, өзге елдің өнімі болуы мүмкін. 

"Ол жерде жалған құжат бойынша деректер бар. Сол деректер бойынша біз тексеріс жүргіземіз. Егер анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады. 7 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейін", - дейді Меркі ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Елдос Байымбетов. 

Салық қызметкерлерінің айтуынша, тексеріс әлі бір айға созылмақ. Ал жүргізушілер әзірше тауарының қасында түнеуге мәжбүр. Өйткені көлік жекенің жерінде тұрғандықтан, қауіпсіздігі үшін қорқатынын айтады. 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная