13 сентября 2021 | 12:36

"Қыста тұруға жарамайды". Солтүстікке көшкендер сапасыз үйлерін көрсетті

Камила Долаева Корреспондент
© Aibаt сюжетінен алынған скриншот

Солтүстікке көшіп барғандар жергілікті шенеуніктерге өкпелі. Себебі, әкімдіктің берген үйінде тұру мүмкін емес, дейді. Ал қайтуға келісімшарт кедергі. Тимирязев ауданының әкімі Нұрлан Кеңесов оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibаt жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Солтүстікке көшіп барғандар жергілікті шенеуніктерге өкпелі. Себебі, әкімдіктің берген үйінде тұру мүмкін емес, дейді. Ал қайтуға келісімшарт кедергі. Тимирязев ауданының әкімі Нұрлан Кеңесов оқиғаның мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibаt жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия қабылдап алған үйдің тіпті жылу құбырлары да жалғанбаған. Aibаt мәліметінше, едені тесік, қабырғалары ылғалдан көгере бастапты. Дуал түгілі әжетханасы да жоқ. Қыс болса таяп қалды. Ал жөндеуді қоныс аударғандардың қалтасы көтермейді.

"Қыста ол үйде тұруға жарамайды негізі. Менің мүгедек қызым бар. Үлкен балам үйленген, оның кішкентай шақалағы бар. Ол жаурап қалады. Әкімшіліктің адамдары, жұмыспен қамту орталығының адамдары тек уәде беріп қояды да болды сол. Арғы жағы қараусыз қалып кетеді екен", - дейді солтүстікке қоныс аударған Бақытгүл Көпжасарова.  

Реклама
Реклама

Бұл үйлерде осыған дейін де оңтүстіктен қоныс аударған қазақтар тұрған. Алайда сапасыз салынған баспаналарда ұзақ тұрақтамай, кейін көшіп кеткені хабарланды. 

"Олай халықты алдап оңтүстіктен, батыстан, шығыстан шақыратын болса, қинайтын болса сонда халықты мазақ еткені ме? Не үшін шақырады халыққа жағдай жасалмайтын болса?", - дейді солтүстікке қоныс аударған Өлмес Бердиева. 

Алайда аудан әкімдігінің уәжі басқа. Тимирязев ауданының әкімі Нұрлан Кеңесовтің айтуынша, Бақытгүл Көпжасарова баспананы жаңадан салынған үйден өзі таңдап алған. Ал көрсетілген бейнежазба ескі, шындыққа жанаспайды деп, өздері видео түсіріп жіберген. 

"Ол үй емес. Ол кісіні біз басқа 2020 жылы соғылған жаңа үйге көрсеттік. Ол кісі өзі таңдады сол үйді. Ол үйде алдында оңтүстік өңірден көшіп келген азаматтар тұрған. Ол кісі қараусыз қалдырып кеткен. Тұрғын үй бөлімі ол жағдайды қалпына келтіріп жатыр", - деді Тимирязев ауданының әкімі Нұрлан Кеңесов.  

Теріскейге көшіп келгендерді қолдап жүргендердің бірі - Бурахан Даканов. Ол қиындыққа ұшыраған қоныс аударушыларға көмектесу үшін жеке бір орталық керек, дейді.  

"Бұл мәселенің басты себебі адамдарға толық ақпарат берілмеген. Үш облысқа көшетін адамдарды реттейтін бір ақпараттық орталық қажет. Яғни, колл центр. Меніңше мына жаққа тек үкіметке сенбей, тек өз мүмкіндігіне сенетін яғни, өсемін, өнемін, мына жақта мал бағып, егін егемін деген жұрттың көшкені дұрыс сияқты", - дейді Шал ақын ауданының тұрғыны Бурахан Даканов.

Биыл Тимирязев ауданына 45 отбасы көшіп келуді жоспарлап отыр. Бураханның айтуынша солтүстікке көшуге қызығып, ниет танытқандар аз емес. Бірақ барлығының сіңісіп кетуі екіталай.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная