23 ноября 2023 | 09:09

Қызылорда облысындағы 6 вокзал ғимараты 120 жыл бұрын салынған

Фото: Назерке Саниязова

Қызылорда облысында 120 жыл бұрын салынған 6 вокзал ғимараты бар. Теміржол қақпаларының жайы туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев теміржол саласын дамыту, мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту мәселелері қаралған Үкімет отырысында айтты. Жиын ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылорда облысында 120 жыл бұрын салынған 6 вокзал ғимараты бар. Теміржол қақпаларының жайы туралы облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев теміржол саласын дамыту, мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту мәселелері қаралған Үкімет отырысында айтты. Жиын ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өтті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Облыс аумағында "Қазақстан Темір Жолы" ҰК акционерлік қоғамына қарасты 8 теміржол вокзалы және 2 қызмет көрсету пункті бар. 6 вокзал ғимараты жергілікті маңызы бар тарихи-мәдениет ескерткіштер тізіміне енген. Сексеуіл, Арал теңізі, Қазалы, Жосалы, Қызылорда, Шиелі вокзалдары 1904 жылы салынған. Бүгінде Қызылорда қаласындағы вокзал ғимараттарына және оның іргелес аумағына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді аймақ басшысы.

Жоспар бойынша күрделі жөндеу қыс басталмай тұрып толық аяқталуы тиіс.

Реклама
Реклама

“Жұмыстың сапалы әрі уақытылы бітуі қатаң бақылауға алынуы қажет. Жолаушылар үшін вокзалдың сыртқы келбетінің көркейгені ғана емес, қызмет көрсету сапасының да жоғары болғаны маңызды. Вокзал – қаланың қақпасы, сондықтан келушілерге әдемі әсер сыйлауы керек", – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес сапасыз салынған ғимараттарды қайта қалпына келтіруге ендігі жерде бір тиын да бөлінбейді.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная