31 марта 2020 | 17:03

Қызылордада бір отбасының 8 мүшесі коронавирус жұқтырған

Көрнекі сурет. Фото: Әлихан Сариев

Қызылордада бір отбасының 8 мүшесі жұқтырған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов облыстағы коронавирус тарау жағдайын Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қызылордада бір отбасының 8 мүшесі жұқтырған. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов облыстағы коронавирус тарау жағдайын Хабар24 телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Соңғы тіркелген жағдайға келетін болсақ, 8 азамат - бір үйдің тұрғыны. Соның ішінде, 44 жас пен 6 жастың аралығында. Оның ішінде үшеуі - 14 жасқа дейінгі балалар", - деді басқарма басшысы.

Реклама
Реклама

Спикердің айтуынша, облыс тұрғындары сақтық шараларын орындамағандықтан, бір көшенің бойындағы тұрғындар бір-біріне жұқтырған.

"Осы тұрғыда айта кететін мәселе, тұғындардың арасында жиындарды, басқосуларды өткізбеу, ешқандай той-жиындарға бармай, оқшаулау мәселесі насихатталып, оқшаулау мәселесі көтеріліп келе жатқанына қанша уақыт болды. Ал енді осы жағдайда бір үйдің азаматтарының, сол төңіректегі көшенің бойындағы осынша науқастың тіркелуі сақтану шараларын толық көлемде орындалмауынан болып отырғанын атап өткім келеді. Алдағы уақытта тұрғындардан оқшаулау мәселесіне мән бере отырып, жеке бас қорғаныш құралдарын қолдана отырып, індеттің таралмауына жол бермеуге шақырамыз, - деді ол.

Сонымен қатар, басқарма басшысы облыста шетелден келген азаматтардың санына тоқталды.

"Облыс бойынша сырттан келген адамдар бақылауға алынған. 1А санатындағы елдерден келген 33 азамат бар. Оның 9-ы ауруханада оқшауланған, 23-і үй жағдайында. 1В санатынан келген 148 азаматтың 12-сі аурухана, қалған 136-сы үй жағдайында оқшауланған, - деп қосты басқарма басшысы.

Айта кетейік, қазір Қызылорда облысында 18 адам коронавирус жұқтырған. Бүгін коронавирус анықталған науқастар 388 адаммен байланыста болған.

Елімізде 336 адамның індет жұқтырғаны расталды. 22 адам (Нұр-Сұлтанда - 15, Алматыда - 7) жазылып шықты, 2 адам қайтыс болды.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная