29 августа 2019 | 10:59

Мәжіліске жаңадан барған депутаттардың жалақысы белгілі болды

ҚР Парламент Мәжілісіне жаңадан тағайындалған депутаттардың жалақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚР Парламент Мәжілісіне жаңадан тағайындалған депутаттардың жалақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, 16 тамызда Nur Otan-ның партиялық тізімі бойынша Гүлшара Әбдіқалықоваға, Нұржан Әлімжановқа, Нұржан Әшімбетовке және Жұлдыз Омарбековаға Парламент Мәжілісі депутаттарының мандаттарын беру туралы шешім қабылданған еді.

Реклама
Реклама

ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты баспасөз қызметінің Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында жаңа депутаттардың жалақысы және оған қосылатын үстеме тікелей еліміздің заң талаптары аясында жүзеге асырылатыны айтылады.

"Бекітілген заңнамаға сәйкес, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының жалақысы - 684 874 теңге және бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылады", - делінген ресми жауапта.

Сондай-ақ, баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, соңғы рет Мәжіліс депутаттарының жалақысы 2017 жылы қазан айында өзгерген. Бұл мемлекеттік орган басшылары орынбасарларының жалақысы деңгейімен сәйкес келеді.

Гүлшара Әбдіқалықова 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап вице-премьер қызметін атқарған.

Нұрлан Әлімжанов "Елбасы жолы" киноэпопеясында Нұрсұлтан Назарбаевты сомдаған.

Нұржан Әшімбетов 2018 жылдың тамыз айынан бастап әкім қызметін атқарған.

Жұлдыз Омарбекова 2019 жылы 10 сәуірде ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалған.

Үш баланың әкесі, кітапқұмар, 8-сыныпта ән жазған. Сіз кімсіз, Нұрлан Әлімжанов?

Айта кетейік, Парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады. Мәжілісмендердің басқа өкілді органның депутаттары болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін өзге де қызметтерді атқаруға, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге құқығы жоқ. Бұл ережені бұзу депутаттың өкілеттігін тоқтатуға әкеп соғады.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная