ПОДЕЛИТЬСЯ
01 сентября 2021 | 11:38
Мал жаятын жерлерді ықпалды адамдар иеленіп алған - Президент
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ауыл шаруашылығы мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ауыл шаруашылығы мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығында түйткіл мәселелер барын көрсетті. Біз жедел шара қабылдап, жем-шөп тапшылығына байланысты ахуалды реттедік. Дегенмен, бұл салада әлі де жүйелі жұмыс атқару керек. Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн", - деді Тоқаев.
Сонымен қатар, Президент қазір мал жаятын жерге шаруалардың қолы жетпей жүргенін айтты.
"Өйткені, мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иеленіп қалған. Тіпті, оны адам аяғы баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер түрлі себепті сылтауратып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін батыл шаралар қабылдауға тиіс", - деді ол.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы ауылдағы ветеринария қызметі туралы сөз қозғады.
"Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Ветеринария қызметі қазіргі заман талабына сай болмаса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыру мүмкін емес", - деді Тоқаев.
Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқына жолдау жасап, елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтатыны хабарланған болатын.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также