17 августа 2020 16:13

Маман елімізде кинотеатрлар неге ашылмағанын түсіндірді

Даурен Ерболат Журналист
Фото: tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда кинотеатрларды неге ашуға болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Қазақстанда кинотеатрларды неге ашуға болмайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен ресми өкіл кәсіпкерлер бұл сұрақты жиі қоятынын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Мен бұл сұрақты білемін. Кәсіпкерлер бұл сұрақты жиі қояды. Шағын және орта бизнес өкілдері, кинотеатр, сауда үйлерінің иелері және денсаулық сақтау министрі, еліміздің бас санитар дәрігері, осы салаға жауап беретін премьер-министр мен оның орынбасары осы мәселені бақылауда ұстап отыр. Олар бизнестің жұмыс істеуі үшін, соңғы айдағы шығын орнын толтыру үшін қолдан келген дүниенің бәрін жасап жатыр", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бағдат Қожахметов бұл мәселеде тәртіпке бағыну керегін айтты.

"Мұнда нақты ереже бар. Оны Қазақстан шығарған жоқ. Коронавирус пандемиясы әлемге қауіп төндіріп отыр. Экономикалық, қаржылық мәселелерді шешу үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл сұрақтарға мен жауап бере алмаймын. Барлығы аурудың көрсеткіштеріне ғана байланысты емес. Провизорлық орталықтағы төсек орындардың 24 пайызы бос емес екен. Бұл жақсы көрсеткіш. Бірақ қуануға әлі ерте. Себебі, белгілі бір деңгейден өткен жоқпыз. Кинотеатрларды, SPA орталықтарды және адам көп жиналатын орындарды ашу әлі ерте. Сондықтан күте тұрайық", - деді ресми өкіл.

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны 103 033-ке жетті. 82 777 науқас айықты, 1 269 адам аурудан көз жұмды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram