ПОДЕЛИТЬСЯ
23 августа 2021 | 15:16
Маман жаппай вакцинация кезіндегі министрліктің қатесін айтты
Педиатр, хирург, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Әкім Тұрсұн қазақстандық QazVac вакцинасын бизнес өкілдеріне беру керегін айтты. Ол Есен Елеукеннің YouTube-тегі арнасына вакцинация туралы сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Педиатр, хирург, қоғамдық денсаулық сақтау магистрі Әкім Тұрсұн қазақстандық QazVac вакцинасын бизнес өкілдеріне беру керегін айтты. Ол Есен Елеукеннің YouTube-тегі арнасына вакцинация туралы сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әкім Тұрсұн Қазақстанда вакцинаға қарсы адамдар қайдан шыққанын айтты.
Оның айтуынша, бірінші себеп - Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға вакцина таңдау құқығын бермей отыруы. Екінші себеп - ведомствоның ашық ақпарат бермеуі, халыққа шықпауы. Үшінші себеп - QazVac мықты бола отырып, дамымауы. Үкімет нашар менеджер, сондықтан, оны дамытуды бизнеске беру керек, дейді маман.
Әкім Тұрсұнның айтуынша, жалпы халық вакцинаға қарсы емес, олар таңдау жоғынан, ақпараттың аздығынан қарсылық танытып отыр.
Маман QazVac-ты бизнес өкілдеріне беру керек деген пікірде, себебі үкіметте менеджмент нашар.
"Мысалы "Спутник V" вакцинасын Қарағандыда құйып жатыр. Сол секілді QazVac-ты бизнеске беру керек. Сонда олар табыс табу үшін вакцинаны жандандырады. Түркиямен, Еуропамен келісіп, сертификат, лицензиясы бойынша белгілі бір пайызын алады да, сол жақта көбейте алады", - дейді ол.
Сонымен қатар, сұхбатта QazVac вакцинасы, карантин шаралары мен жүкті әйелдерге Pfizer салу туралы әңгіме өрбіді. Денсаулық сақтау министрлігінің қателігі де талқыланды.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также