ПОДЕЛИТЬСЯ
06 сентября 2021 | 13:52
Маман қазақстандық вакцина Еуропа елдерінде қашан мойындалатынын айтты
Қазақстандық вакцинаны Еуропа елдерінде тіркеу үшін құжаттар дайындалып жатыр. Бұл туралы QazVac коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинасын жасаушы, Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Күнсұлу Закарьяның сөзінше, Еуропа елдерінде отандық вакцинаны тіркеу үшін бірнеше құжат өткізу қажет.
"Бүгінде швейцариялық компаниялармен үлкен жұмыс жүргізіліп жатыр. Вакцинаны Еуропа елдерінде тіркеу үшін және халықаралық талапқа сәйкес келу үшін бірнеше құжат өткізу керек. Бірінші кезекте ол GMP сертификаты. Бізде ұлттық GMP сертификаты бар. Бүгінде халықаралық GMP сертификатын алу бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жыл соңына дейін Швейцарияда тіркеу мүмкіндігін аламыз деп ойлаймын. Осы арқылы Африка және Латын Америкасының көптеген еліне жол ашылады. Одан бөлек, өзге елдерден 12 өтініш келіп түсті. Олардың ішінде нарықтық сыйымдылық бойынша ең тиімді оңтүстік-шығыс Азия елдері болып саналады", - деді Күнсұлу Закарья ОКҚ брифингінде.
Бағасы, алғашқы партиясы. Қазақстандық вакцина туралы не белгілі?
Еске салайық, Қазақстанда 2020 жылдың 18 мамырында отандық вакцинаны сынақтан өткізу жұмыстары басталды. Қазақстандық вакцина партиясы биыл 20 сәуірден өңірлерге жіберіле бастады. Отандық QazVac вакцинасын қазақстандықтар 26 сәуірден салдыра бастады. Отандық вакцина әзірге Қазақстаннан бөлек Қырғызстанда тіркелген.
Показать комментарии
Читайте также