22 июля 2021 | 12:24

Маман: Қолдан жасалған паспорт сатып алу жансақтауға билет алумен тең

Камила Долаева Корреспондент
© Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтанда кейінгі тәулікте 1369 адамнан коронавирус анықталды. Бұл ел бойынша ең үлкен көрсеткіш. Қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева елордада коронавирус жұқтыру дерегі көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтанда кейінгі тәулікте 1369 адамнан коронавирус анықталды. Бұл ел бойынша ең үлкен көрсеткіш. Қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Жанна Пірәлиева елордада коронавирус жұқтыру дерегі көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордадағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай туралы брифингте қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары Нұр-Сұлтанда вирус жұқтырғандардың 80 пайызы ересектер, 16,6 пайызы балалар, 2,7 пайызы жасөспірімдер екенін айтты. Қаладағы коронавирус жұқтыру жағдайларының жылдам көбеюіне жаңа "Дельта" штамының таралуы әсер еткен.

"Сонымен қатар, бұл жазда адамдардың демалысқа шығуына байланысты. Тұрғындар ел бойынша белсенді орын ауыстырып жүр. Алайда қорғаныс шараларын тиісінше сақтамайды, маска тақпайды, адам көп жиналатын жерлерге барады. 

Қазіргі уақытта адамдардың 53 пайызы сауда және ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, қоғамдық тамақтану орындарында вирус жұқтырып отыр. Ауырғандардың 34 пайызы үйдегілермен байланыста болған. 17 пайызы жұмыста, яғни ұжым арасында жұқтырған. Бұл жұмыста маска тағу режимі мен арақашықтық сақталмайтынын көрсетеді. Ал адамдардың 0,8 пайызы адам көп жиналған іс-шараға барғанын мойындап отыр. Оның ішінде үйлену тойы, еске алу шаралары бар", - деді ол. 

Реклама
Реклама

Пірәлиеваның айтуынша, кәсіп иелері де көптеген ескертуге қарамай, қарапайым талаптарды сақтамай отыр.

"Келуші саны қойылған шектен асып кетеді, іс-шаралар өткізеді, қызметкерлер міндетті маска тағу талабын сақтамайды. Жұмысына рұқсат әлі берілмеген орындар да ашық", - дейді елорданың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің орынбасары. 

Нұр-Сұлтанда қазір 230 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың ішінде 47 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Бұл туралы қаланың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов брифингте айтты. 

"Олардың қатарында вакцина алған науқас жоқ. Қалада вакцинаның бірінші компонентін 320 мыңдай адам алды, 200 мың адам иммундау курсын аяқтады", - деді ол.

Тимур Мұратов вакцинанция толық ұжымдық иммунитет қалыптасқанда ғана тиімді екенін айтты. Ол үшін тұрғындардың 60 пайыздан астамы екпе алуы тиіс, ал бұл 600 мыңнан аса адам.

Сонымен қатар, брифингте вацинания паспортын сатып алу деректері туралы айтылды. 

"Оны жасап жатқан адамдар адамзатқа қарсы қылмыс істеп отыр. Себебі қолдан жасалған паспорт сатып алған адам - жансақтауға билет алған адам", - деді ол. 

Пірәлиева коронавирус расталған немесе вирус жұқтырған адаммен байланыста болғандар үйде карантинде жату керегін еске салды.

"Тұрғындардан саналы болуды және тәртіп сақтауды сұраймын. Қалада вакцина алғысы келетіндер саны артқанына қарамастан, әлі ұжымдық иммунитет қалыптасқан жоқ", - деді ол. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная