РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
18 июня 2020 | 17:35

Маман симптомсыз науқастар емделмеуі керегін айтты

Даурен Ерболат Журналист
Фото: elements.envato.com

Коронавирус індетінің белгілері жоқ науқастар емделмеуі керек. Бұл туралы жұқпалы аурулар бойынша жетекші маман Динагүл Баешева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус індетінің белгілері жоқ науқастар емделмеуі керек. Бұл туралы жұқпалы аурулар бойынша жетекші маман Динагүл Баешева айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, коронавирус жұқтырған, алайда індеттің белгілері байқалмаған науқастар оқшалануы қажет.

Реклама
Реклама

"Симптомсыз науқастан аурудың белгілері байқалмайды. Симптомсыз және аурудың жеңіл өту жағдайы 80 пайыз. Симптомсыз науқастан індеттің клиникалық белгілері байқалмайды. Соған қарамастан олар жанындағыларға эпидемиологиялық қауіп төндіреді. Әрине, олар түшкірмейді, жөтелмейді. Олар желдетілетін бөлмеде оқшауланып, санитарлық гигиеналық талапты орындауы керек", - дейді маман орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Динагүл Баешева симптомсыз науқастар емделмеу керегін атап өтті.

"Алайда симптомсыз науқастар емделмеуі керек. Мұндай жағдайда организм өзін-өзі емдейді. Сондықтар олар емделмейді", - дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушы Ләззат Ақтаева СOVID-19 вирусын жұқтыру өсімі 15 өңірде өскенін айтқан болатын.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 15 887-ге жетті. 9902 науқас дертінен айықты, 100 адам қайтыс болды.

Вопрос от автора
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная