ПОДПИШИСЬ НА НАШ TELEGRAM-КАНАЛ
15 апреля 2018 | 15:10

Мамандық таңдаудың машақаты немесе жастар өз болашағына неге немқұрайлы қарайды

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © "Алаш айнасы" Иллюстрация © "Алаш айнасы"

Мамандығы бойынша жұмыс істейтіндердің көрсеткіші әлем бойынша оң деп баға беру өте қиын. Тіпті оған ресми статистиканы келтірмей-ақ, оңай көз жеткізуге болады. Себебі күнделікті байқалатын көріністің өзгеретін түрі жоқ. Ал, егер келтірер болсақ, біздің мамандар елімізде 2 миллионға жуық қазақстандықтың өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін мәлімдеген еді. Көрші Ресей Федерациясы халқының 27 пайызының ғана дипломда көрсетілген мамандығы бойынша жұмыс істейтінін ресми басылымдарында жазды. Сонда мұның себебі қандай? Бұл сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі маманнан сұрап білді.


Мамандығы бойынша жұмыс істейтіндердің көрсеткіші әлем бойынша оң деп баға беру өте қиын. Тіпті оған ресми статистиканы келтірмей-ақ, оңай көз жеткізуге болады. Себебі күнделікті байқалатын көріністің өзгеретін түрі жоқ. Ал, егер келтірер болсақ, біздің мамандар елімізде 2 миллионға жуық қазақстандықтың өз мамандығы бойынша жұмыс істемейтінін мәлімдеген еді. Көрші Ресей Федерациясы халқының 27 пайызының ғана дипломда көрсетілген мамандығы бойынша жұмыс істейтінін ресми басылымдарында жазды. Сонда мұның себебі қандай? Бұл сұрақтың жауабын Tengrinews.kz тілшісі маманнан сұрап білді.

Қазақстанда жастар мамандықты дұрыс таңдай алып жүр ме?

Мектеп түлектерінің дұрыс бағдар алып, мамандықты дұрыс таңдауына өз ықпалын тигізіп жүрген маман, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің доценті Алмагүл Құрманбаеваның айтуынша, жастардың мамандықты дұрыс таңдамауы бұл мәселенің бірден-бір себебі бола алады.

"Тағы бір жылды артқа тастап кезекті ҰБТ-ның уақыты жақындап қалды. Жастардың алдында "Қайда барамын, кім боламын?" деген сауал тұрғаны рас. Мамандық таңдау бұл өміріміздің ең күрделі шешімдерінің бірі. Мамандық таңдар алдыңда "ол маған не үшін керек?", "мен өмір бойы осы салада жұмыс істей аламын ба?", "бұл мамандықтың қыры мен сыры қандай?", деген сұрақтарға жауап беріп, ойланғаны дұрыс. Ол үшін әрбір жоғары оқу орындарында жылына 2-3 реттен ашық есік күндері болады. Кәсіби бағыт-бағдар беретін мамандар оқушылармен, талапкерлермен түсіндеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Сол адамдардың кеңесіне жүгініп, білмейтін тұсын сұраса құба-құп болар еді. Мамандық иесі болып шығу үшін ЖОО дипломын алу аздық етеді. Ол үшін әрбір түлектің бойында қабілет пен іскерлік, ізденімпаздық пен талапкершілік қасиеттері болуы керек", - дейді Құрманбаева.

Айтуынша, қазіргі таңда елімізде дипломы басқа саладан, өздері мүлде басқа салада жұмыс істеп жүрген жастар өте көп.

"Кеше ғана педагог мамандығын бітіріп, сатушы болып немесе дәрігерлік дипломы бар жас маман жүйке ауруынан қандай дәрілерді жазып беруді білмей, Интернеттен іздеп отырған жағдайлардың куәсі болып отырмыз. Бұл өз таңдауымызды кезінде дұрыс таңдамағанымыздың кесірі. Сондықтан, жасөспірімдер мен олардың ата-анасына айтатын кеңесім, балаларыңызбен бір күн емес, жылдар бойы қандай мамандықты таңдағысы келеді, сол жөнінде жұмыс жүргізсеңіздер екен. Бірінші ҰБТ тапсырып алсын, соның балына қарай көрерміз, деген сылтауды ересектер тарапынан көрсетілген енжарлық дер едім. Өйткені балаға дұрыс бағыт-бағдар беру ата-ананың міндеті. Мектепті бітірген бала ол өмірге енді аяқ басқалы тұрған сәби секілді, оған дұрыс бағдар беру керек", - дейді ол.

Құрманбаеваның сөзіне қарағанда, жастардың көбі өз қалауын әлі күнге дейін білмейді. Бірен-саран алдына нық мақсат қойғандары болмаса, басым бөлігі ата-ананың айтқан оқу орнына құжаттарын тапсырады.

"Мамандық таңдау кезінде ата-ананың рөлі басымырақ түсіп жататыны бесенеден белгілі. Қазір ата-аналар көбінесе экономистік және заңгерлік мамандықтарды балаларына тықпалай береді. Ол баланың сол мамандық иесі болу құлқы бар ма, жоқ па онымен санаспайтын да болғанбыз. Кейде оқушылардан қандай оқу орнын таңдадыңыз деп сұрай қалсаңыз"мамам дәрігер боласың деді" деген жауапты аласыз. Бала өз таңдауымен сүйіп келген мамандығы болмаған соң, ол да кеттім-бардым оқып, әйтеуір бітіріп шығады. Дипломды ата-анасына әкеліп береді. Содан кейін ата-ана жүгіріп жүріп ол баланы мамандыққа мүлде жарасы жуыспайтын жұмысқа орналастырады. "Әйтеуір жалақы алып жүрсе болды" деген көзқарас. Сондықтан қазіргі таңда елімізде өз жұмысын тыңғылықты орындай алмайтын, оның байыбын аяғына дейін толық түсінбеген жас мамандар барлық салада жұмыс істеп жүргенін көріп жүрміз", - деді Құрманбаева.

Мамандықты қалай дұрыс таңдауға болады?

Алмагүл Әлиқызының айтуынша, қазіргідей грант жолын емес, нарық жолын бақылаған дұрыс. Сонда ғана білікті мамандар көбейіп, ел экономикасы да дами түседі.

"Нарық қыспаққа алып тұрған заманда бала оқыту да біраз қиыншылық тудырып отырғаны жасырын емес. Әрбір ата-ана баласының грантқа түскенін қалайды. Сол себепті баланың үкілеген арманы өз кеудесінде тұңшығып қалып қояды, гранттың жолын қуып ЖОО-ның табалдырығын аттап жатқан жағдайды да көріп жүрміз. Мамандық таңдауда еңбек нарығын жіті бақылап отырған дұрыс. Қазір нарық қандай мамандықтарға зәру? Соңғы 10 жыл ішінде жаңа мамандықтар пайда болды. Оларды да назардан тыс қалдыруға болмайды. Біз баяғы жүйе бойынша санаулы мамандықтарды білеміз де, сол көкейімізде орын теуіп, басқа жаңалықтардан құлағдар болмаймыз", - дейді ол.

Айтуынша, тағы бір маңызды жайт - оқу орны мен оқытушылар құрамын білу.

"Мамандық алып, кәсібін игеріп кету үшін алдымен дұрыс оқу орнын таңдау керек. Бұл жерде ең бірінші ол оқу орнының статусы мен онда дәріс беретін оқытушылар құрамын білу маңызды. Сол саланы бітірген түлектердің атақтылары кімдер, қай салада жұмыс істеп жүр, деген кішігірім ізденіс, зерттеу жұмысын да жүргізген артықтық етпейді. Адам жан дүниесіне, жүрек қалауына сай келетін салада ғана зор табысқа жете алады. Мамандық - ол сіздің болашағыңыз, табысыңыз, өміріңіз. Өзіңізді қызықтырған саланы дұрыс таңдай білудің өмірлік маңызы бар", - деп ойымен бөлісті ол.

Дамыған елдер бұл мәселенің шешімін қалай тапқан? 

Құрманбаеваның айтуынша, дамыған мемлекеттерде мектеп бітіріп, бірден оқуға түсу керек деген түсінік жоқ.

"Дамыған елдерде мектептен кейін жоғары оқу орындарына жаппай құжат тапсыру деген үрдіс жоқтың қасы. Олар колледжден бастау алып, мамандықтарын игеріп, біраз жыл жұмыс істеп барып, алға қарай оқуға дайын болған кезде ғана ЖОО-ға құжаттарын тапсырады. Сол колледждің дипломымен бір саланың белсенді маманы болып жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар. Олар ЖОО-ның дипломын алуға асықпайды. Мысалы Швецияда құрылысшы, сантехник, кафель жапсырушы, өртсөндіруші мамандықтары құрметті қызмет саласы тобына жатады. Коллеждерді осы сала бойынша меңгеру үшін жастарға мемлекет арнайы гранттар бөліп қойған. Жалақылары да өте жақсы. Бізде керісінше, мектепті бітіре сала оң мен солын танымай тұрып, ЖОО-ға түсуге жанталасамыз және мектептен келген бала ЖОО оқытушы-профессорларын мектептегі мұғалімдеріндей көреді. Мектептегі мұғалім бір кітаппен жұмыс істейтін болса, бұл жерде ұстаздар күніне кем дегенде 4-5 кітаптан оқуға, конспект жасауға, кітапханадан материалдар іздеуге тапсырма беріп отырамыз. Оны да көтере алмай жататын балалар болады", - дейді ол.

ҰБТ мен оқуға түсер алдында мектеп түлектері мен олардың ата-аналарына кеңес:

"Құрметті, ата-ана! Жалған намысты қуып, балаларыңыздың жүйкесіне зақым тигізбеңіздер дегім келеді. Бала онсыз да алдында тұрған сынаққа күндіз-түні дайындалып, жүйкесі жұқарып жүреді. Біз оны сыртынан қарап, байқай алмаймыз әрине. Оны баланың өзі де білдірмейді. Тек ішіндегі бір қорқыныш пен бір үміті ғана өзіне сыр беріп жатқаны оның өзіне ғана аян. Сондықтан да "жұрттың баласы" деген сөзді ұмытыңыздар. ҰБТ-дан төмен баға алып қалып жатса, ол баланың өмірінің біткенін көрсетпейді. Көбіне бала тек ата-ананың үмітін ақтай алмадым, деп қиналып қалады. Осы уақытта балалардың қасында болып, оларға өзіміздің махаббатымызды көрсете білейік. Балл жетпей қалды деп, қайта-қайта қайталай бермеңіз?! Ол баланың көңіл-күйін түсіретінін естен шығармаңыз. Баланың қорқынышы басым уақыты да, морт сынатын уақыты да жақындап келеді. Бұл жолдың соңы емес. Келесі жылда да оқу орындары түлектерді қабылдай береді!"

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 486.86   530.42   5.05 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети