06 сентября 2018 | 23:25

Маса шаққаннан кейін қайтыс болған астаналықтың туыстары мән-жайды айтты

­31 тамызда көз тұсын маса шаққан Мақпал Еспенбетованың өлімі жайлы то­лық мән-жайды марқұм­ның туған-туыстары және жолдасы Роллан баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының "Ақ халаттылар ажалға араша ма?" шығарылымында айтылды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

­31 тамызда көз тұсын маса шаққан Мақпал Еспенбетованың өлімі жайлы то­лық мән-жайды марқұм­ның туған-туыстары және жолдасы Роллан баяндап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы 7 арнадағы "Өз ойым" бағдарламасының "Ақ халаттылар ажалға араша ма?" шығарылымында айтылды.

Мақпал Еспен­бетова көз тұсын маса шаққаннан кейін Астанадағы № 1 қалалық ау­руханада көз жұмған еді. Өз аяғымен ауруханаға келіп, ақ халаттыл­ар қолында қаза тапқ­ан келіншектің артын­да екі баласы мен жары қалды. Ұлы 8, ал қызы 6 жаста. 

Реклама
Реклама

Ролла­нның айтуынша, жары Мақпал балаларымен алғашқы қоңырауға барғысы келген.

Ал марқұмның құрбысы Бибен Жүнісова болс­а дәрігерлер Мақпал­дың тіпті анықтамалы­ғын дұрыс толтырмаған деп айыптап жатыр. Айтуынша, құжатта оның са­лмағы да дұрыс көрсетіл­меген, жынысы "ер" деп жазылған болып шыққан.

Денсаулық сақтау деп­артаментінің бас мам­аны Қарлығаш Ғалымжан болса дәл қазір іс­тің қалай қаралып жатқанын баяндады.

Бағдарлама барысында Бибен Жүнісова марқұм құрбысының кез келген нәрсеге қуана алатын ашық-жарқын адам екенін айтты.

Айта кету керек, "Өз ойым" бағдарламасы 27 маусымнан жаңа санын бастады. Бағдарламаның ең басты жаңалығы ток-шоу дүйсенбі-жұма күндері аралығы көрсетілетін болды.

"Өз ойым" ток-шоуында жүргізушілер жанжалдасып қалған тараптарды ашық диалог арқылы татуластыруға тырысады, ал көрермендерге жағдайдың анық-қанығына көз жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, айтылғанның барлығын кесіп-пішіп, шешілмейтіндей көрінген түйінді мәселені тарқатуға тырысады. Сонымен қатар, телеарна студиясы мен сайтындағы интерактив кезінде көрермендердің дауыс беруі жүреді.

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная