01 сентября 2020 | 12:06

"Мәселе әлі де өзекті" - Тоқаев балаларға қатысты зорлық туралы

© elements.envato.com

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында балалардың қауіпсіздігі мен оларды қорғау мәселесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауында балалардың қауіпсіздігі мен оларды қорғау мәселесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Біз кәмелетке толмаған балаларға көрсетілген зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстық жауапкершілікті айтарлықтай қатаңдаттық. Алайда бұл мәселе әлі де өзекті. Ондай қылмыскерлер одан да қатаң жазаға, кешірім жасау құқығынсыз, мерзімінен бұрын босату құқығынсыз жазаға лайық. Олар барынша қауіпсіз мекемелерде қамалуы керек. Әрбір іс прокуратура органдарының ерекше бақылауында болуы тиіс. Әлеуметтік құқық қорғау органдарының әрекетсіздігі мен бей-қам қарауы қатаң жазаланатын болады. Жалпы бізге әлеуметтік құқықтың жаңа парадигмасы керек. Әлеуметтік қамсыздандыру саласы 17 заңмен және ондаған ережемен реттеледі. Бұл реттеудің күрделілігі мен әртүрлілігіне әкеліп соқты", - деді Президент. 

Айта кетейік, Президент жолдауын республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, радиостанциялар тікелей толқында таратып жатыр.

Реклама
Реклама

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная