23 октября 2020 | 15:09

Маска тағып, қолғап кию режимін қатаң сақтауды талап етеміз - Бекшин үндеу жасады

© Tengrinews.kz

Алматыдағы эпидемиялық жағдай күрделене түсті. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы эпидемиялық жағдай күрделене түсті. Бұл туралы Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап. 

Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Алматы қаласында 23 қазандағы жағдай бойынша, коронавирус инфекциясының (КВИ) 14 607 жағдайы тіркелген, оның 8762-сі симптомды, 5845-сі симптомсыз.

Реклама
Реклама

"Соңғы тәулікте COVID-19-дың 44 жағдайы және анықталмаған пневмонияның 5 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім 0,3 пайыз, жұқтыру коэффициенті - 1,37. Ағымдағы аптада КВИ ауруының деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалып жатыр", - деді Алматы қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.

Бекшиннің сөзінше, жалпы әлемдегі эпидемиялық жағдай нашарлап бара жатыр. Мысалы Ресейде күніне 12 мыңнан астам жағдай тіркеледі, Еуропа мен Америка аймағында да осындай жағдай. АҚШ-та тәулігіне шамамен 60 мың жағдай, Францияда - 30 мың жағдай, Ұлыбританияда - 14 мың жағдай, Испанияда, Германияда және Италияда 5-15 мың жағдай тіркелген.

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қалада науқастар санының өсу себебі - жаппай көпшілік шараларды ұйымдастыруда және өткізуде халық тарапынан жалғасып жатқан бұзушылықтар, оның ішінде, үйлену және еске алу шаралары аса қауіпті. Себебі ондай жиындар көп адамның жиналуымен және желдетілуі нашар жабық үй-жайларда өткізіледі. Мұндай іс-шараларда қонақтардың ұзақ уақыт отыратыны және кеңінен байланыс жасайды. 

"Менің той ұйымдастырушыларына айтпағым: Сіз өзіңізге ғана емес, барлық қонақтарға, инфекцияны өзіне жұқтыру арқылы оны отбасыларына тарататын қарт туыстарға да қауіп төндіресіз. Сондай - ақ, той немесе еске алу кезінде мониторингтік топтардың талабы бойынша іс-шараны тастап кетуге мәжбүр болған қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз. Бұл әртүрлі көпшілік іс-шараларға қатысқан науқастардың 38 пайызына жұқтыруға себеп болды", - деді Бекшин. 

"Алматыда сырқаттанушылықтың өсуінің екінші себебі - қоғамдық көлік, онда бетперде режимі жиі бұзылады, қолғап пайдаланылмайды. Сондықтан біз маска тағып, қолғап кию режимін қатаң сақтауды талап етеміз", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Үшінші себеп - ұйымдарда коронавирус инфекциясының көп тіркелуі. Қызметкерлердің көп жиналуын төмендету және жұмыста да, жұмысқа барар жолда да байланысты шектеу үшін ТКҚСҚБД тіршілік әрекетін қамтамасыз ету объектілерін қоспағанда, қызметкерлердің кемінде 30 пайызын қашықтан жұмыс режиміне көшіруді талап етеді.

Төртіншіден, аурудың өсуінің себебі - отбасында қайта жұқтыру. Ересектер, әсіресе жастар, түнгі клубтар мен тамақтану орындарына барғанда, инфекцияны қарт отбасы мүшелері, ата-аналары, аға-інілері бар отбасыларға әкеледі.

Алматы қаласы бойынша 2020 жылдың 8 қазанынан бастап карантиндік шараларды сақтау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілді. Аудандық әкімдіктер жанында 26 мониторингтік топ жұмыс істейді, олар жергілікті жерлерде эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуын бақылау мақсатында объектілер бойынша күн сайын тексеру іс-шараларын жүргізеді. 2020 жылдың 8 қазанынан бастап бүгінге дейін мониторингтік топтармен 1656 объект қамтылды, оның ішінде карантин кезеңінде жұмыс істейтін 406 объектіде маска режимін бұзу анықталды. Жеке тұлғаларға қатысты бетперде режимін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-тармағы бойынша 3,9 миллион теңге сомасына 94 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная