13 августа 2019 | 13:01

"Майданға кетіп бара жатырмын". Дана Нұржігіт сенаторлыққа тағайындалуы жайлы

Президент Жарлығымен кеше ғана сенат депутаты болып тағайындалған белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт жаңа қызметі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Жарлығымен кеше ғана сенат депутаты болып тағайындалған белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт жаңа қызметі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Қадірлі оқырмандарым, қымбатты отандастар! Маған жолдаған құттықтауларыңызды оқып отырмын. Көп рақмет!Президент Жарлығымен маған жүктелген міндеттің мәртебесі қаншалықты биік болса,салмағы атан түйеге жүк боларлық соншалықты ауыр екенін жіті түсініп отырмын. Халық аманатын көтеріп,көптің үмітін ақтау енді біздің буынға жүктеліп отыр.Арық сөйлеп,семіз шықсын деймін... Қал-қауқарымша адал еңбек етіп, ел өмірінен ажырамай, кабинет қызметкері емес, халық қызметшісі болуға ұмтыламын", - деп жазды су жаңа сенатор Instagram желісіндегі парақшасында.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, Дана Нұржігіт Qazaqstan арнасында өзі жүргізіп келе жатқан Dara jol хабарының тоқтамайтынын мәлімдеді.

"Сол жердегі кездесулер, үлгі тұтар тұлғалардың ақылы, тәжірибесі, кеңесі халық пен заман тынысын, тіршілік тамырының соғысын сезінуге айтарлықтай септігін тигізері анық. Үлкен диірменге, майданға кетіп бара жатырмын... Атымды ерттеп, Батаңызды беріп, ақыл қосқан баршаларыңызға алғыс айтамын! Алла абырой берсін деймін...", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Қадірлі оқырмандарым,қымбатты отандастар! Маған жолдаған құттықтауларыңызды оқып отырмын.Көп рақмет!Президент Жарлығымен маған жүктелген міндеттің мәртебесі қаншалықты биік болса,салмағы атан түйеге жүк боларлық соншалықты ауыр екенін жіті түсініп отырмын. Халық аманатын көтеріп,көптің үмітін ақтау енді біздің буынға жүктеліп отыр.Арық сөйлеп,семіз шықсын деймін...Қал-қауқарымша адал еңбек етіп,ел өмірінен ажырамай,кабинет қызметкері емес,халық қызметшісі болуға ұмтыламын.Оны айтып отырған себебім: "Dara jol" хабары тоқтамайды.Сол жердегі кездесулер,үлгі тұтар тұлғалардың ақылы,тәжірибесі,кеңесі халық пен заман тынысын, тіршілік тамырының соғысын сезінуге айтарлықтай септігін тигізері анық. Үлкен диірменге,майданға кетіп бара жатырмын...Атымды ерттеп,Батаңызды беріп,ақыл қосқан баршаларыңызға алғыс айтамын! Алла абырой берсін деймін... Зор құрметпен: Дана Нұржігіт #tvdananurzhigit

Публикация от Дана Нұржігіт (@dana_nurzhigit) 12 Авг 2019 в 9:49 PDT

Айта кетейік, Дана Нұржігіт 1972 жылы 22 наурызда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1979 жылы Қызылорда қаласындағы №198 мектепке 1-сыныпқа қадам басып, одан әрі отбасының Есік қаласына көшіп келуіне байланысты Алматы қаласындағы Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебіне оқуын жалғастырады.

Дана Нұржігіт отбасындағы үш баланың тұңғышы, өзінен кейінгі сіңлісі Элиза, інісі Рүстем. Үшеуі де Ахмет Жұбанов атындағы музыка мектебінен білім алған. Ең алғаш тікелей эфирге 1997 жылдың 18 ақпаны күні шыққан.

Еске салайық, кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар тағайындау жүргізген еді. Парламент Сенатының депутаттарының тағайындалуы жайлы толық ақпаратты мына жерден оқуға болады.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная