Медицина маманы қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге беріледі - министр

Даурен Ерболат Журналист

Коронавирус пандемиясы кезінде қайтыс болған медицина қызметкеріне 10 миллион теңге беріледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Коронавирус пандемиясы кезінде қайтыс болған медицина қызметкеріне 10 миллион теңге беріледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, егер медицина қызметкерлері қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге мөлшерінде жәрдемақы беріледі", - деді министр "Хабар 24" телеарнасында өткен онлайн-брифингте.

 Мұның алдында Абаев карантин режимінде жұмыс істеп жатқан медициналық қызметкерлер жұмыстың қауіпсіздігіне қарай үш топқа бөлінетінін және осы үш топтың алатын үстемақысын атаған болатын. 

Реклама
Реклама

"850 мың теңге". Дәрігерлер үш түрлі үстемақы алатыны айтылды

Еске салайық, елімізде 294 адам коронавирус жұқтырған.

Tengrinews
Вопрос от автора
news6
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама