ПОДЕЛИТЬСЯ
07 июля 2020 | 12:04
Медициналық қолғаптың сапасын сынаған дәрігер қызметінде өсті - министр
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясы кезінде дәрігерлердің құқығы заң аясында қорғалатынын айтты айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пандемиясы кезінде дәрігерлердің құқығы заң аясында қорғалатынын айтты айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, облыстарда медицина қызметкерлерінің құқығының бұзылғаны туралы деректер тіркеледі.
"Өңірлерде медицина қызметкерлерін қудалау дерегі бар. Бұл мәселе заң аясында реттеледі. Әрбір дерек жеке қаралады. Қоғамның назарын өзіне аудартқан жағдайда бар. Мұнын барлығы талқыға салынады", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Осы орайда Алексей Цой Түркістан облысында болған жағдайға тоқталды.
"Онда дәрігер қолғаптың сапасыз екенін айтып, видеороликті көрсетті. Кейін ол қызметінен қуылды. Осындай қоғамның назарына өзіне аудартқан жағдай тіркелді. Біз өңірдегі әріптестерімізбен бірге бұл мәселені шештік. Қазіргі таңда бұл дәрігер басқа клиникаға ауыстырылып, қызметі өсті. Ол - бөлім меңгерушісінің орынбасары болды", - деді ол.
Министр видеодағы қолғап гуманитарлық көмектің аясында жеткізілгенін атап өтті.
Сондай-ақ, ол медицина қызметкерлерінің құқығын қорғауға уәде берді.
"Біз медицина қызметкерлерін жұмыстан шығарғалы жатқан жоқпыз. Керісінше, осындай жағдай басшылық жағынан туындаса, егер денсаулық сақтау жүйесінде қудалау болса, әділетсіз жағдай тіркелсе, оған шағым түсіруге болады. Өңірдегі денсаулық сақтау басқармасына немесе денсаулық сақтау министрлігіне хабарласуға мүмкіндік бар. Бұл мәселе басты назарда. Біз медицина қызметкерлерін қорғаймыз және бұл заң аясында болуы керек", - деді Алексей Цой.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният елімізде коронавируспен күреске 46 мыңнан астам медицина қызметкері, интернатурада жүрген дәрігерлер, медицина университетінің жоғары курстағы студенттері жұмылдырылғанын жеткізді.
Айта кетейік, Қазақстанда 49 683 адам коронавирус жұқтырды. 16 183 науқас дертінен айықты, 264 адам қайтыс болды.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также