25 мая 2020 | 17:32

Мекемеге адамды маскасыз кіргізген кәсіпкер 1,4 миллион теңгеге жуық айыппұл төлейді

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото ©Турар Казангапов

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин маска тақпаған адамға және ғимаратқа маскасыз кіргізген заңды тұлғаларға салынатын айыппұлдың мөлшерін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин маска тақпаған адамға және ғимаратқа маскасыз кіргізген заңды тұлғаларға салынатын айыппұлдың мөлшерін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Almaty телеарнасында өткен онлайн брифингте Жандарбек Бекшин ғимарат (дүкендер, базарлар, сауда-ойын орталықтары, дәріханаларда) ішінде маскасыз жүрген адамға 5 АЕК - 13 890 теңге айыппұл тағылатынын айтты. Ал, нысанның иесіне азаматты маскасыз кіргізгені үшін 15 АЕК - 41 670 теңге айыппұл салынады.

Реклама
Реклама

"Адамдар еріксіз аузы-мұрнын, көзін ұстамауы үшін  көшеде де маска тағып жүруді талап етеміз. Сондай-ақ, ғимараттарға - дүкендер, базарлар, сауда-ойын орталықтары, дәріханаларға кіргенде адамдар көп жиналатындықтан, маска тағу керек. Біз ішкі істер органдарымен бірге әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдана аламыз. Егер азамат карантин ережесін бұзса, атап айтқанда маска тақпаса, 5 АЕК - 13 890 теңге, азаматтарды ғимаратқа маскасыз кіргізсе, нысанның иесі - лауазымды тұлға да әкімшілік жауапқа тартылып, 15 АЕК - 41 670 теңге төлейді. Барлық нысанда маска тағуды талап етеміз", - деді ол.

Сондай-ақ, Бекшин айыппұл мөлшері бизнес түріне қарай есептелетенін атап өтті. Ең үлкен айыппұл - 1 миллион 389 мың теңге. Мұндай әкімшілік жауапкершілікті ірі бизнес өкілі өз мойнына алады.

"Егер шағын бизнес болса, айыппұл 100 АЕК - 277 800 теңге, орта бизнес болса, 200 АЕК - 555 600 теңге, ірі кәсіп болса, заңды тұлғаға 500 АЕК - 1 миллион 389 мың теңге болады. Карантин ережесін сақтауды талап ету үшін осындай қатаң шаралар қабылдауға мәжбүрміз", - деді Бекшин.

Еске салайық, карантин режимін сақтаудың басты ережерінің бірі - маска тағу. Кез келген қоғамдық, мемлекеттік немесе әкімшілік ғимаратқа кіргенде, маска тағу - міндет.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная