ПОДЕЛИТЬСЯ
18 мая 2021 | 18:49
Мектеп әжетханасын музей қылып жауып қоятындар бар - Аймағамбетов
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жылы әжетхананы жауып қоятын қазақстандық мектептерді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр ведомствоаралық комиссияның ХХХ отырысында білім беру саласындағы бірқатар мәселені талқылады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жылы әжетхананы жауып қоятын қазақстандық мектептерді сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр ведомствоаралық комиссияның ХХХ отырысында білім беру саласындағы бірқатар мәселені талқылады.
Аймағамбетовтің айтуынша, еліміздегі мектептерді жылы әжетханалармен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыс жүргізілген, алайда бірен-саран олқылық кесірінен бүкіл жұмыс жоққа шығып отыр.
"Қазақта сөз бар, "ұлы сөзде ұят жоқ", деген. Біреу көрсе әжетхана мәселесін неменеге сонша талқылап отыр дейтін болар, бірақ бұл өте маңызды, балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін. Қазақстандық мектептерді жылы әжетханамен қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілді, 2600 мектепке жылы әжетхана қойылды, тек екі өңірде жүздеген мектеп жылы әжетханамен қамтылмай отыр, соның кесірінен жұмыс көрінбейді, қойылған әжетханаларды емес, барлығы сол қамтылмаған жүздеген мектепті сөз етеді", - деді министр.
Сонымен қатар, министр елімізде мектеп әжетханасын музей қылып жауып қоятындардың барын айтты.
"Жылы әжетханаларды қойдырып алып, құлып салып қоятындар бар. Олар оны тексерушілерге көрсететін музей сияқты сақтайды, ондай болмау керек", - деді Аймағамбетов.
Сондай-ақ, отырыс барысында мектептер мен мектепке дейінгі білім беру мекемелерін бейнебақылау камераларымен, дабыл түймесімен қамтамасыз ету мәселелері айтылды.
"Камерамен, дабыл түймесімен қамтамасыз ету айтарлықтай қиын мәселе емес, мектеп салыңдар деп жатқан жоқпыз. Мектептердің басым бөлігі қамтылған, десек те бейнебақылауы жоқ мектептер әлі де бар...Қазандағы оқиға баршамызды есеңгіретті. Бұдан сабақ алу керек, демек білім беруден бөлек, тәрбиеге де жеткілікті қарауымыз қажет. Мектепте бақытты болған бала ертең оған қару асынып бармайды. Қауіпсіздікке қажетті жабдықтардан бөлек күзетші ретінде ата-әжелерді жұмысқа алу мәселесін де қайта қарау керек", - деді Аймағамбетов.
Министр күзетшілердің арнайы дайындығы бар, уақытында тиісті шараларды қолдана алатын маман болғаны дұрыс екенін атап өтті. Сонымен қатар, ендігі аттестациялауларда балалардың білімінен бұрын мектеп қызметкерлері мен оқушылардың Қазандағыдай жағдай болса не істеу керегін қаншалықты білетіні бірінші кезекте тексерілетінін айтты.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также