ПОДЕЛИТЬСЯ
24 августа 2022 | 11:56
"Мектепте қонған кездерім болды". Шымкенттік түлек 7 елден оқуға шақырту алды
Мектеп бітірген түлектер өз құжаттарын оқу орындарына тапсырып, грант нәтижелерімен танысып үлгерді. Кейбірі шетелде оқуға талаптанып жатыр. Сондай түлектердің бірі - әлемнің 7 еліндегі жоғарғы оқу орындарынан шақырту алған Айбек Бердіхан. Ол Massaget.kz тілшісіне оқуға қалай дайындалғаны туралы сұхбат берді.

Айбек Бердіхан - Шымкенттегі 125 High School мектебінің түлегі. Биыл әлемнің 7 елінің (АҚШ, Ұлыбритания, Түркия, Польша, Венгрия, БАӘ, Кипр) 28 университетінен шақырту алды. Жеңген гранттарының құны - 700 мың доллар. Олардың ішінде 2 грант - халықаралыққа студенттерге бөлінетін АҚШ президентінің гранты.
"Әлі жауап күтіп отырмын"
Айбек қай оқу орнын таңдайтынын нақтыламаған. Оның айтуынша, әлемнің біршама елінде оқу кезеңі кеш басталады және ол әлі жауап күтіп отырған университеттер бар.
Түлек экономика саласында мансап құрғысы келетінін айтты. Оған бұл саланың мамандары қай уақытта болсын және кез келген салада сұранысқа ие екені ұнайды.
"Бұл саланың маманы жоғары қаржылық сауаттылығының арқасында ақшаны қалай жұмсайтынын және оның ресурстарын көре алады", - дейді ол.
МАТЕРИАЛДЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН МЫНА СІЛТЕМЕ АРҚЫЛЫ ОҚУҒА БОЛАДЫ!
Вопрос от редакции
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также