28 июля 2021 | 17:34

Мектептерді Ashyq жүйесіне тіркеу мәселесі қарастырылып жатыр

Фото: gov.kz

Қазақстанда мектептерде, мектепке дейінгі мекемелер мен жоғары оқу орындарында Ashyq жүйесін қосу қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда мектептерде, мектепке дейінгі мекемелер мен жоғары оқу орындарында Ashyq жүйесін қосу қарастырылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты. 

"Бүгінде балалар қыркүйектен бастап оффлайн оқиды деп жоспарлап отырмыз, осы мәселе қарастырылып жатыр. Әрине, мектеп оқитын бала саны да айтарлықтай көп - шамамен 3 миллионнан аса. Балалар инфекция жұқтыруы да, оны тасымалдауы да мүмкін. Сондықтан мектептерде, мектепке дейінгі мекеме мен жоғары оқу орындарында Ashyq жүйесін қосу қарастырылып жатыр", - деді Есмағамбетова ОКҚ брифингінде. 

Реклама
Реклама

Айжан Есмағамбетова Ashyq жүйесі мектепте қосылған жағдайда смартфон ұстамайтын балалар ЖСН номерын көрсетіп, жүйе арқылы тексерістен өтетінін атап өтті.  

Еске салайық, 1 шілдеде Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылында қазақстандық жоғары оқу орындары Ashyq жүйесіне қосылатынын мәлімдеген болатын. 

"Жоғары оқу орындарына оқу жылының басында Ashyq жүйесі толық енгізіледі", - деген еді министрлік өкілдері.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная