ПОДЕЛИТЬСЯ
10 июля 2020 | 13:18
Мемлекет басшысы тиімсіз шығындарды қысқартуды тапсырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиімсіз шығындарды қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке тиімсіз шығындарды қысқартуды тапсырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету, ең бірінші, тиімсіз шығындарды қысқартудан басталуы керек. 2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды. Осы мақсатта 1,6 трлн теңгені қысқарту жоспарланып отыр. Қазіргі жағдайда бұл нашар көрсеткіш емес", - деді ол үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Қ.Тоқаев: Бюджет тұрақтылығын қамтамасыз ету, ең бірінші, тиімсіз шығындарды қысқартудан басталуы керек. 2021 жылға арналған бюджет шығындарын оңтайландыру жұмыстары басталды. Осы мақсатта 1,6 трлн теңгені қысқарту жоспарланып отыр. Қазіргі жағдайда бұл нашар көрсеткіш емес.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) July 10, 2020
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда отандық өндірушілерді қолдау маңызды екенін атап өтті.
"Отандық өндірушілерді қолдау - мемлекеттік дағдарысқа қарсы іс-қимылдардың негізгі элементі. Бұл мәселені әр аймақта әкім орынбасары жеке қарауы керек. Жыл аяғында үкімет пен Президент әкімшілігі олардың жұмысына және жалпы аймаққа баға береді. Жергілікті қамту мәселесі ай сайын экономикалық өсімді қалпына келтіру жөніндегі комиссияда қаралуы керек", - деді Мемлекет басшысы.
Глава государства: Поддержка отечественных производителей является ключевым элементом антикризисных действий государства. В каждом регионе данный вопрос должен быть персонально закреплен за заместителем акима. 1/1...
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) July 10, 2020
½ По итогам года Правительство и Администрация Президента дадут оценку их работы и области в целом. Вопрос местного содержания необходимо на ежемесячной основе рассматривать на Комиссии по восстановлению экономического роста.
— Ақорда Баспасөз қызметі (@AkordaPress) July 10, 2020
Айта кетейік, Қазақстан Президенті үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп жатыр.
Отырыста Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп беріп жатыр. Сондай-ақ, коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады.
Айта кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысы халықты жұмыспен қамту бағдарламасын сынап, бірқатар басшыны қызметінен босатуды тапсырғаны хабарланған еді.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также