ПОДЕЛИТЬСЯ
13 июня 2019 | 17:05
Мен халықты өзім алданған өтірікке сендіргенім үшін айыптымын - Ринат Зайытов
Айыскер Ринат Зайытов instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Айыскер Ринат Зайытов instagram желісіндегі парақшасында мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Әзірге тыныштық. Маңайымдағы адамдардың қайсысы жанашыр, қайсысы арандатушы екені ептеп білініп келеді. Алатаудың алдына шыққан себебім Халыққа уәде бергенмін "алдансам алдыларыңа шығып кешірім сұраймын" деп. Мен Қазақпын, ал қазақтың жігіттері екіжүзді болмауы керек. Сөзімде тұрдым! Сол сәттегі жағдайды пайдаланып, ары қарай мені өз ойындарына кіргізгісі келетін арсыздарға ермеймін. Халық та ермейді, ақымақ емеспіз", - деп жазды айтыскер.
Сонымен қатар, ол Әблязов пен Қосановқа "еркек болса кешірім сұрауы керек" екенін жазған.
"Әблязовқа, Қосановқа айтарым, еркек болса елден кешірім сұрасын. Ешқашан ешкімнен ақша да, басқа да алып, елімді алдаған емеспін. Солай болып қаламын!!! Мен халықты өзім алданған өтірікке сендіргенім үшін айыптымын. Бар кінәм сол. Сол үшін экранның ар жағынан емес, Халықтың алдында кешірім сұрадым. Ол жасағаным қылмыс емес шығар. Ұлтым үшін туғанымды өлгенше дәлелдеп өтуге дайынмын! Тек уақыт беріңіздер, қалғанын кейін айтайын", - деп жазған ол. Ал мұның алдындағы жазбасында ол Семейде екенін айтқан.
Еске салайық, 10 маусымда Зайытовтың "Алматы Арена" маңындағы алаңда ұсталғаны хабарланған еді. Кейін ол өзінің босап шыққанын айтып, алматылықтарды сабырға шақырып, видео жариялаған.
Ал 11 маусымда полиция өкілдері оның ұсталуына қатысты пікір білдірген. "Зайытов Алатау ауданында рұқсат етілмеген митингке қатысқаны үшін полицияға жеткізілді. Түсіндірме жұмыстары жүргізілген соң Ринат Зайытов үйіне қайтарылды", - деді полициядағылар.
Кейін халық Алматыда Масанчи мен Қабанбай батыр көшелерінің қиылысындағы полиция ғимараты алдына жиналған. Сол кезде Ринат Зайытов оларды тағы да сабырға шақырып, үйге тарауын өтінген болатын.
"Барлықтарыңызды жақсы көремін. Жасыратын несі бар, осындай кезде үй өртеніп жатқан кезде біреу бас ұйытқысы келеді, арандататындар болады, оның несін жасырамын. Бірақ ол үшін қарапайым қазақ неге жылауы керек? Қарапайым қазақтың неге маңдайы қанауы керек? Осыны түсініңіздерші, мен барлығыңыз үшін осы жерде өлуге дайынмын. Маған реніші болатын болса, мені ұрсыншы. Мен жаңа үйден келдім, сондықтан барлығыңыз тараңыздар. Дәл осы сәтте арандатуға түсіп қалмай, тараңыздар", - деген еді Ринат Зайытов жиналған жұрттың алдында.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также