24 декабря 2020 | 15:19

Министр 9, 11-сынып оқушылары неге офлайн оқитынын түсіндірді

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үшінші тоқсаннан бастап 9, 11-сынып оқушылары неліктен дәстүрлі форматта және қашықтан оқитынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үшінші тоқсаннан бастап 9, 11-сынып оқушылары неліктен дәстүрлі форматта және қашықтан оқитынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен мұны маңызды шешім деп есептеймін. Бұл шешім бернеше айдан кейін мемлекеттік аттестация тапсыратын, мемлекеттік емтихан тапсыратын 9, 11-сынып оқушыларына қатысты. Олар үшін бүгінде білім алудың маңызы зор. Біз оқу бағдарламасының 70 пайызын дәстүрлі форматта, 30 пайызын қашықтан оқитынын айтып отырмыз. Мұны аралас оқу деп атаймыз. Қандай пәндер туралы айтып отырмыз? Әрине, бірінші кезекте бірыңғай ұлттық тестілеу мен қорытынды аттестацияға қажетті пәндер болады. Бұлар: математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия және тағы басқалары. Яғни, бұл пәндер бірінші кезекте дәстүрлі форматта оқытылады. Ал қалған пәндерді қашықтан оқуға қалдырамыз", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Министр санитарлық нормалар сақталатынын атап өтті.

"Бір кабинет, әртүрлі уақытта үзіліс, әлеуметтік қашықтық. Барлық керек шаралар қадағаланады. Санитарлық талаптар қалай болды, солай қалады. Біз Білім және ғылым министрлігі ретінде балалардың дәстүрлі оқуын жалғастырғанын қалаймыз. Бірақ санитарлық нормалар бар", - деді ол.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы барысында қазақстандық оқушылар үшінші тоқсанда қалай оқитыны белгілі болды.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету мақсатында, Білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша, сондай-ақ қоғамның пікірін ескере отырып, мына шешімдер қабылданды: 

 - оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70 пайызын - дәстүрлі форматта, 30 пайызын - қашықтан) қарастырылсын;
- оқу жылының III тоқсанынан бастап мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылсын;
- II семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттерін аралас оқыту қайта басталсын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная