14 июля 2020 | 09:31

Министр Алексей Цой мектептерде қашықтан оқытуға кеңес берді

Даурен Ерболат Журналист
Фото: 24.ru

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында алдағы оқу жылында мектептер қашықтан оқуы керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында алдағы оқу жылында мектептер қашықтан оқуы керегін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен министр елдегі коронавирус жұқтыру дерегіне тоқталды.

Реклама
Реклама

"Асқар Ұзақбайлы, қазіргі таңда Қазақстанда коронавирус жұқтырудың шамамен 60 мыңнан аса дерегі тіркелді. Оның ішінде 1700-і бала. Карантин кезінде балалардың инфекция жұқтыру дерегі азайды", - деді ол Үкімет отырысында.

Кейін Алексей Цой мектептерде қашықтан оқыту маңызды екенін атап өтті.

"Мектептерде күндізгі оқуды жандандыру балалардың арасында аурудың таралуына және инфекцияның мектептен тыс аумақта таралуына жол ашуы мүмкін. Ұжымдарда коронавирус инфекциясы таралу қаупі басым. Жыл сайын ЖРВИ және тұмаумен 14 жасқа дейінгі балалардың 70 пайызы ауырады. Білім беру мекемелерінде маусымдық ЖРВИ-мен ауыратындар саны өсетінін, әрі коронавирус ахуалының жағымсыз жағдайын ескере отырып, оқу жылының бірінші тоқсанында орта білім беру ұйымдарындағы барлық сыныпты қашықтан оқытуды қарастырған жөн", - деді ол.

Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 61 755-ке жетті. 35 911 науқас жазылды, 396 адам қайтыс болды.

Айта кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде карантин тағы екі аптаға созылатынын, мұқтаж жандарға 42 500 теңге берілетінін айтқан еді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная