1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

Министр алимент төлемейтіндермен күрес қалай жүріп жатқанын айтты

Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанда алимент төлемейтіндермен күрес қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото: bankist.ru

Әділет министрі Марат Бекетаев Қазақстанда алимент төлемейтіндермен күрес қалай жүріп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдымен министр елімізде алимент төлемей жүрген қазақстандықтардың нақты қанша қарызы барын айту қиын екенін жеткізді.

"Себебі, ол үнемі өзгеріп отырады. Біреуі төлейді, екіншісі қарыздың көлемін өсіріп алуы мүмкін. Алайда бұл мәселеде координация ықпалының артқанын айтуға болады. Мысалы, жергілікті атқарушы билік пен құқық қорғау органдары күш біріктірді", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Марат Бекетаев Әділет министрлігі әкімдіктермен бірге қалай жұмыс істеп жатқанына тоқталды.

"Өткен жылдың екінші жартыжылдығында біз барлық әкіммен меморандумға қол қойдық. Олар бізге қарызы бар (алимент төлемей жүргендерді - ескерту) азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесті. Биыл шамамен 2 мыңнан аса борышкер жұмысқа орналастырылды", - дейді министр.

Ол бұл мәселеге құқық қорғау органдары да тартылғанын атап өтті.

"Біз полицияның көмегімен алимент төлемей жүргендердің көлігін анықтап, оны тоқтаттық. Осы жылы тоқтатылған және аукционда сатылған көліктердің саны шамамен 2 есе артты. Коронавирус пандемиясына қарамастан алимент мәселесіне баса мән бердік. Осылайша, биыл көлікті, жылжымайтын мүлікті өндіріп алу өтініші мен өндіру саны шамамен 2 есе артты. Сонымен қатар, алимент төлеуден қасақана жалтарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған борышкерлер бойынша өсім шамамен 2,5 есе", - дейді Бекетаев.

Министр алимент төлемей жүргендерге қосымша санкция салу мәселесі қарастырылмағанын жеткізді.

"Алдағы уақытта қосымша санкция мәселесі қаралып жатқан жоқ. Қазіргі таңда әріптестерімізбен бірге жұмыстың тиімділігін арттыру мәселесін қарастырып жатырмыз", - деп түйіндеді сөзін ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!