24 декабря 2020 | 16:11

Министр Аймағамбетов вакцинаны әзірлеу бойынша жұмыстар қашан аяқталатынын айтты

Рахила Тлеуова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық вакцина наурыз айында дайын болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қазақстандық вакцина наурыз айында дайын болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұл Қазақстан ғалымдарының зор әлеуетін көрсетеді. Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде  ғалымдарымыз керемет жұмысты жүргізді деп айтуымыз керек. Кейбір уақытта ғалымдарымыздың қандай деңгейде екенін көрмей жатамыз. (...) Ғалымдарымыз керемет вакцинаны қысқа мерзімде дайындап шығарды. Мамыр айында дайын болып, клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізіліп біткеннен кейін, бірнеше ғалым өздеріне екпе салып, әрі қарай анализдерін, нәтижелерін көріп, ешқандай да қауіп жоқ екеніне көзіміз жетті", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингте.

Реклама
Реклама

Қазақстан ғалымдары коронавирусқа қарсы вакцинаны тышқанға сынап көрді

Асхат Аймағамбетов екпені ғалымдарды қолдау мақсатында салғызғанын атап өтті.

"Жалпы осы жұмыспен айналысып, күнделікті ақпарат алып жүргендіктен, мен де ғалымдарымызды қолдау үшін екпені өзіме салдыруға шешім қабылдадым. Екпені тамыз айында алдым. Бірнеше ай өтті. Дене қызуы көтерілуі болсын, басқа да қиындықтар туындаған жоқ. Иммунитет бойынша антиденелер пайда болды. Ол үшін мен Алматыға барып, зерттеу болып жатқан лабораторияда қан тапсырдым. Сонда бұл нәтижеге көзіміз жетті. Дегенмен иммунитет пайда болса да, біз санитарлық талаптарды бұзбауымыз керек", - деді ол.

"2,1 миллион адамға тегін беріледі" - коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина туралы не белгілі?

Министр екпенің әзірленуі қазір қандай деңгейде екенін де айтты. 

"Бекітілген тәртіп бар. Вакцинаны дайындайды. Клиникаға дейінгі кезеңнен өту керек, өткіздік. Оның өз мерзімі бар. Асығуға болмайды (...) Одан кейін зерттеуіміздің нәтижесін Денсаулық сақтау министрлігі тексерді. Тексергеннен кейін "клиникаға дейін бастауға болады" деген тұжырымға келді. Қазір еріктілерге осы екпені салып жатыр. 3 мың адам үшінші кезеңде вакцинаны салғызу керек. Осы адамдар бойынша тиісті жұмыстар жүргіземіз. Ғылыми негізде осы жұмыс жүргізіліп жатыр. Бізге керегі - тиісті нормаға сәйкес, асығыстық танытпай, халқымызға қауіпсіз болуы үшін, шын мәнінде иммуногенді болуы үшін барлық талапты сақтап, ғалымдарымыз жұмыс жүргізіп жатыр. Осы жұмыс әрі қарай аяқталып, содан кейін халқымыз үшін қолжетімді болады деп ойлаймын. Бұл вакцина технологиясы белгілі. Біраз уақыттан бері қолданылып келе жатқан технология. Сондықтан мұның қауіпсіздігі бойынша, басқа да мәселелері бойынша жоғары деңгейде болады деп сенемін", - деді ол.

Асхат Аймағамбетов вакцинаны әзірлеу бойынша жұмыстар наурызда аяқталатынын айтты.

"Біз зерттеу жүргіземіз. Бірақ шешім қабылдайтын Денсаулық сақтау министрлігі бар. Барлық ақпаратты сол жаққа беріп отырамыз. Біздің ойымызша, наурыз айында тиісті жұмыстарымыз аяқталып, халыққа екпені тарату кезеңіне көшуге мүмкіндік туады деп ойлаймыз. Әрине, бұл нәтижелерді тиісті министрлік зерттейді, содан кейін шешім қабылданады", - деп түйіндеді сөзін Аймағамбетов.

Еске салайық, алғаш қазақстандық вакцина туралы сөз 200 жылғы наурызда қозғала бастаған болатын. Елімізде COVID-19-ға қарсы вакцинаны Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мен Ұлттық биотехнология орталығы әзірлеп жатқаны белгілі болды. Бұл институттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен денсаулық сақтау саласында қауіпті инфекцияларға вакцина әзірлеу бойынша келісімшарты бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная