ПОДЕЛИТЬСЯ
16 марта 2020 | 18:39
Министр бағаны көтерген кәсіпкерлер жазаланатынын айтты
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов төтенше жағдай кезінде азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов төтенше жағдай кезінде азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдымен ведомство басшысы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер тауарларының бағасы тұрақталатынын атап өтті.
"Төтенше жағдай режимінде ортақ қауіп-қатерге қарсы бірігуге тиіспіз. Біз тамақ өнімдерінің бағасын көтеруге, алып-сатарлыққа салынуға жол бермеу үшін барлық күш жігерімізді саламыз. Ол үшін тиісті құқықтар мен құралдар жеткілікті", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде министрлік әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын нақтылау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы орайда Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлер жазаланатынын ескертті.
"Қазіргі уақытта біз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағаларын енгізу тетігін жеңілдетіп жатырмыз. Бұл әкімдіктерге бағалардың ауытқуларына жедел ден қоюға мүмкіндік береді. Жергілікті атқарушы органдар шекті бағаларды көтеретін кәсіпкерлерге айыппұл салатын құқығы бар", - деді министр.
Айта кетейік, өткен аптаның соңында әлеуметтік желілерде коронавирус тарауына байланысты ірі қалаларда азық-түлік кезегі пайда болғаны туралы хабарлама тараған.
Еске салайық, бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа байланысты телеарна арқылы үндеу жасады. Ал кеше президент Қазақстанда төтенше жағдай жариялаған болатын.
Соңғы мәліметке сәйкес, елімізде 9 адам коронавирус жұқтырған, екеуі - Нұр-Сұлтанда, жетеуі - Алматыда.
Сонымен қатар, бүгін әлемде мұнай бағасы төмендеп, елімізде доллар бағамы күрт өсті. Сонымен қатар, Қазақстанның ұлттық банкі мәлімдеме жасады.
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также